ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Анкарада ұшақ апаты
Түркия билігі Триполиге бет алған және Түркияның орталық өңірі үстінде болған кезде төтенше жағдай туралы хабарлама жіберген «Falcon 50» үлгісіндегі ұшақпен байланыс үзілгенін мәлімдеді.
Анкарада ұшақ апаты
Анкарада ұшақ апаты / AA

Ливия премьер-министрі Абдулхамид Дибейбе елдің Бас штаб бастығы мен бірнеше жоғары лауазымды шенеуніктің Түркияға жасаған ресми сапардан қайтар жолда қайғылы ұшақ апатынан қаза тапқанын хабарлады.

Дибейбе «X» әлеуметтік желісіндегі жазбасында бұл хабарға қайғырғанын жеткізді. Генерал-лейтенант Мұхаммед әл-Хаддад пен Ливия делегациясының өзге де мүшелерінің қаза тапқанын растады.

Қаза болғандардың қатарында әл-Хаддадпен бірге Ливия Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас штабының бастығы, Әскери өнеркәсіп басқармасының төрағасы, Бас штаб бастығының кеңесшісі және баспасөз қызметінің фотографы бар.

Премьер-министр оқиғаның Анкарадан қайтар жолда болғанын айтты, алайда апаттың мән-жайына қатысты қосымша мәлімет бермеді.

Ливия премьер-министрі бұл апаттың Ливия Қарулы күштері үшін үлкен қаза екенін атап өтіп, Ливияның адалдық, тәртіп және ұлттық беріктікпен қызмет еткен азаматтарынан айырылғанын айтты. Марқұмдардың отбасыларына, әріптестеріне және Ливия халқына көңіл айтты.

Түркияның Ішкі істер министрі Али Йерликая бұған дейін Анкарадан ұшып шығып, Ливияға бағыт алған жеке ұшақтың қалдықтары Анкараның Хаймана ауданынан табылғанын мәлімдеген болатын.

Министрдің айтуынша, Анкарадағы Есенбоға әуежайынан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай Ливия Бас штаб бастығы мінген ұшақпен байланыс үзілген.

«Falcon 50» үлгісіндегі ұшақ «9H-DFJ» борт нөмірімен жергілікті уақыт бойынша сағат 20:10-да (17:10 GMT) Триполи бағытына қарай әуеге көтерілген. Йерликаяның мәліметінше, байланыс шамамен жергілікті уақыт 20:52-де (17:52 GMT) үзілген.

Министр ұшақтың Хаймана маңында шұғыл қону туралы сигнал жібергенін, алайда алғашқы төтенше хабарламадан кейін ұшақпен қайта байланыс орнату мүмкін болмағанын айтты.

Министрдің дерегінше, ұшақта әл-Хаддадпен бірге бес жолаушы болған.

Түркияның «NTV» телеарнасы әл-Хаддад мінген ұшақпен ел астанасының үстінде байланыс үзілгенін, ал ұшу қадағалау деректері Есенбоға әуежайынан шыққан бірнеше рейстің қауіпсіздік мақсатында басқа бағыттарға бұрылғанын көрсеткенін хабарлады.

Түркияның Қорғаныс министрлігі бұған дейін Ливияның Бас штаб бастығы Анкарада болғанын, онда түрік әріптесімен және басқа да жоғары лауазымды әскери қолбасшылармен кездескенін мәлімдеген еді. Бұл сапар екі ел арасындағы жалғасып жатқан әскери және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың бір бөлігі болған.

Іздеу
БҰҰ-ға мүше елдердің көшбасшылары 81-ші Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркте жиналады
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Кувейт пен Мысырдағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Түркия Әуе күштері Кипр аралының оңтүстігінде оқу-жаттығуын өткізді
Ұйқының сапасы маңызды ма, әлде ұзақтығы ма?
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы: «Ормуз бұғазында «MQ-1» үлгісіндегі дрон атып түсірілді»
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Трамп: "Мен бүкіл Иранды жарып жіберуім мүмкін"
Алепподағы әскери нысанда болған жарылыстардан 4 адам жарақат алды
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды
Чилидің бұрынғы президенті Бачелет БҰҰ Бас хатшылығы кандидаттығынан бас тартты
Президент Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйіне келгенде өзін күтіп тұрған халықпен кездесті
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты