ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Президент Ердоған ЕО Комиссиясының төрайымымен АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылын талқылады
Урсула фон дер Ляйенмен өткізген телефон әңгімесінде Режеп Тайып Ердоған барлық тарапты дипломатия мен келіссөз алаңына қайта оралуға шақырды.
Президент Ердоған ЕО Комиссиясының төрайымымен АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылын талқылады
Президент Ердоған ЕО Комиссиясының төрайымымен АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылын талқылады / AA Archive

Түркия Республикасы президенті жанындағы Коммуникация басқармасы президент Режеп Тайып Ердоғанның жексенбі күні Еуропалық Комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйенмен Иранға жасалған соңғы шабуылдар мен соның салдарынан туындаған аймақтық шиеленісті талқылағанын хабарлады.

Әңгіме барысында Ердоған барлық тарапты дипломатия мен келіссөздерге шақыра отырып, бейбітшілік процесіне кез келген қолдау көрсетуге дайын екенін баса айтты.

Сонымен қатар Ердоған осы процесс барысында Түркия мен Еуропа Одағы арасындағы тығыз үйлесімділікті сақтаудың маңыздылығына назар аударды.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ пен Израиль сенбі күні Иранға шабуыл жасап, бұл операция барысында рухани көсем Әли Хаменеиді қоса алғанда, бірнеше жоғары лауазымды жетекші өлтірілді. Тегеран бұған жауап ретінде Израиль, АҚШ нысандарын және Парсы шығанағының бірнеше елін нысанаға алған ұшқышсыз ұшақтар мен зымырандар арқылы қарымта соққы берді.

Израиль мен АҚШ өткен жылдың маусым айында Иранға осыған ұқсас шабуыл жасаған болатын, бұл жағдай атысты тоқтату жарияланғанға дейін 12 күндік соғысқа ұласқан еді.

Іздеу
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр
“Microsoft 365” қызметіндегі ақау әлі жойылған жоқ
Ресей мен Ауғанстан астық және энергетикалық жабдықтар жеткізу жөнінде келісімге келді
Бейбітшілік келіссөздерінің келесі кезеңі Еуропаның қатысуымен өтпек
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
«АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранға қайта шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертті»
ЕО: «Біздің қауіпсіздігіміз Украинаның қауіпсіздігіне тікелей байланысты екені анық»
АҚШ президенті Трамптың арнайы өкілдері Ресей президенті Путинмен кездесті
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті