ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Ресей Балтық теңізінде әскери жаттығу өткізді
Әскери-теңіз күштері мен әскери-әуе күштері теңіз қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кемелерді басып алу мен дұшпан мемлекеттердің заңсыз әрекеттеріне жол бермеу үшін бірлескен жедел жаттығу өткізді.
Ресей Балтық теңізінде әскери жаттығу өткізді
/ AP

Ресей Балтық және Солтүстік флоттарының қатысуымен және әуе күштерінің қолдауымен Балтық теңізінде әскери-теңіз жаттығуын өткізгенін хабарлады.

Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде теңіз күштерінің дұшпан теңіз флотына шабуыл жасау үшін жаттығу жүргізгені айтылды, бірақ оқу-жаттығудың басталу және аяқталу уақыты жарияланбады.

Солтүстік флотқа тиесілі және «Циркон» гиперсоникалық қанатты зымырандарын тасымалдайтын «Адмирал Касатонов» фрегаты Балтық флотының кемелермен бірлесіп, электронды атуды жүзеге асырғаны айтылды.

Министрліктің хабарлауынша терроризмге қарсы топ лаңкестер басып алған кемелерді тексеру және құтқару бойынша оқу-жаттығу жүргізді.

Әскери-теңіз күштері мен әуе күштері теңіз қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кемелерді басып алуға жол бермеу және дұшпан мемлекеттердің заңсыз әрекеттеріне қарсы тұру үшін бірлескен операция жүргізді. Сонымен қатар «Су-27» жойғыш ұшағы экипажы жаудың жалған ұшақтарымен симуляциялық әуе ұрыстарын жүргізді және виртуалды зымырандарды атқылады.

Іздеу
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Түркия әуе рейстерін уақытында орындауда көш бастап тұр
Балтық елдері ортақ резервтік энергия қуатын құру бойынша келісімге келді
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Волейбол: Түркия құрамасы жартылай финалға шықты
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді