САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Зеленский қорғаныс және энергетика салаларында келісімдерге қол жеткізді
Президент Зеленскийдің Франция, Грекия және Испанияға жасаған сапарларынан кейін Украина әуе қорғаныс жүйелерін және кепілдендірілген газ жеткізілімін алатын болды.
Зеленский қорғаныс және энергетика салаларында келісімдерге қол жеткізді
Зеленский қорғаныс және энергетика салаларында келісімдерге қол жеткізді / AA

Украина президенті Владимир Зеленский Грекия, Франция және Испания сапарларынан кейін жалпы құны 1,1 миллиард еуродан (1,27 млрд доллар) асатын жаңа қорғаныс және энергетика міндеттемелерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, бұл келісімдер Украинаның әуе қорғанысын, авиациясын және қысқы маусымдағы энергетикалық қауіпсіздігін күшейтетінін айтты.

Зеленский сәрсенбі күні «Telegram»-да жасаған мәлімдемесінде, Афинада қол қойылған келісім аясында Грекия жылыту маусымы үшін Украинаға газ жіберетінін айтып, бұл елді «Украина мен бүкіл Орталық және Шығыс Еуропа үшін маңызды энергетикалық хаб» деп сипаттады.

Зеленскийдің айтуынша, Франция қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты айтарлықтай кеңейтуді мақұлдады.  Бұл Украинаға 2035 жылға дейін 100 «Rafale» «F4» ұшағын алу жоспарын, сондай-ақ «SAMP/T» әуе қорғаныс жүйелерін, заманауи радарларды, әуе класындағы зымырандарды және басқарылатын әуе бомбаларын қамтиды. Париж сонымен қатар жыл соңына дейін жаңа әскери көмек пакетін жеткізбек.

Зеленский Испанияның да Украина үшін Бірінші кезектегі қажеттіліктер тізімі бастамасы аясында әуе шабуылына қарсы қорғаныс зымырандары үшін 100 млн еуро (115,7 млн доллар), «SAFE» механизмі бойынша 215 млн еуро (248,7 млн доллар) және Украинаның энергетика секторын қолдау үшін 200 млн еуро (231,4 млн доллар) бөлуге міндеттеме алғанын айтты.

«PURL» бастамасы ˗ Канада мен Еуропадағы НАТО елдеріне Украина үшін АҚШ-та шығарылған қару-жарақ сатып алуды қаржыландыруға мүмкіндік беретін АҚШ-НАТО бағдарламасы.

Сонымен қатар Мадрид «IRIS-T» әуе қорғаныс зымырандарын қамтитын қосымша қорғаныс пакетін дайындап жатыр.

Украина президенті Владимир Зеленскийдің Анкараға ресми сапары

Зеленский бастаған Украина делегациясы таңертең Анкараға келіп, Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүріктің мемориалдық мавзолейі Анытқабірге барып, құрмет көрсетті.

Украина президенттік кешенінің басшысы Андрей Ермак кездесулердің нәтижелі, жұмыс барысындағы атмосферада өтіп жатқанын айтты. Ол сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің өкілдерімен, соның ішінде елші Стив Уиткофпен үйлестіру жұмыстарының жалғасып жатқанын мәлімдеді.

 

Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?