Қазақстан Еуропадағы Қарулы күштер туралы шартқа қатысуын тоқтатты
Өңірлік шиеленістердің күшеюі және бірқатар елдің Еуропаның қару-жарақты бақылау жүйесіне міндеттемелерін қайта қарастыруына байланысты Қазақстан Еуропаның қару-жарақ келісіміне қатысуын тоқтатты.
Қазақстан Еуропадағы Қарулы күштер туралы шартқа қатысуын тоқтатты
Қазақстан Еуропадағы Қарулы күштер туралы шартқа қатысуын тоқтатты / Reuters

Қазақстан жұма күні Еуропадағы Қарулы Күштер туралы шартқа қатысуын тоқтатқанын жариялады. Бұл туралы жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойып, құжат президенттің ресми сайтында жарияланды.

Еуропадағы Қарулы Күштер туралы шартқа 1990 жылдың қараша айында Парижде 16 НАТО мемлекеті мен Варшава шарты ұйымының алты мүше елінің өкілдері қол қойған болатын. Шарт Атлант мұхитынан Орал тауларына дейінгі Еуропа аймағында орналастырылатын соғыс танктерінің, броньды ұрыс машиналарының, калибрі 100 мм және одан үлкен артиллериялық жүйелердің, жойғыш ұшақтар мен шабуылшы тікұшақтардың санына шектеу енгізді.

Нәтижесінде жиырма сегіз мемлекет шартты қабылдады. Шарттың жаңартылған нұсқасы 1999 жылы Стамбулда өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы саммитінде ұсынылды. Бұл жаңартылған мәтінді тек Ресей, Беларусь, Қазақстан және Украина мақұлдады.

Ресей 2007 жылы Еуропадағы Қарулы күштер туралы шартқа қатысуын тоқтатты және 2023 жылы НАТО-ның кеңеюі шартта белгіленген шектен асып кетті деген алаңдаушылық білдіріп, келісім шартқа өзгеріс енгізуді ұсынды. Алайда ымыраға келу мүмкін болмады.

НАТО елдері Ресейдің шартты сынға алуына жауап ретінде Мәскеудің шартқа қатысуын уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.
Кейін Беларусь, Украина, Түркия, Мажарстан, Молдова және басқа да бірқатар мемлекет осындай шешім қабылдағанын хабарлады.

Іздеу
Оңтүстік Корея Солтүстік Корея мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастықты мұқият бақылауда
Теледидар алдында ұзақ уақыт отыру ми көлемінің кішіреюіне әкеледі
“CENTCOM қолбасшысы Трампқа Ормуздағы шабуылдарды тоқтатуды ұсынған”
АҚШ-тағы тағам фестивалінде болған қарулы шабуылдан 2 адам қаза тапты
Триполиде наразылық акциялары өтті
Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы екінші рет чемпион атанды
Шара: «Президент Ердоған Сирияға қарсы санкцияларды жоюға араағайын болды»
Ресей шабуылынан Киев облысында 6 адам қаза тапты
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
Иран президенті Ирак премьер-министрімен кездесті
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Ресей Украинадағы үш портқа шабуыл жасағанын хабарлады
Биыл Батыс Шерияда израильдіктердің шабуылдарынан 86 палестиналық қаза тапты
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды