ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
«United Airlines» ел бойынша барлық рейстерін уақытша тоқтатты
Жүйедегі ақауға байланысты АҚШ-тың ірі әуежайларында барлық рейстер уақытша тоқтатылды. Әуе компаниясының өкілдері кешігулер жалғасуы мүмкін екенін мәлімдеді.
«United Airlines» ел бойынша барлық рейстерін уақытша тоқтатты
/ AP

«United Airlines» әуе компаниясы Чикаго, Денвер, Ньюарк, Хьюстон және Сан-Франциско сияқты бірқатар маңызды әуежайлардағы операцияларының кідіруіне байланысты АҚШ бойынша негізгі бағыттардағы рейстерін тоқтатты.

АҚШ Федералды авиация басқармасы бастапқыда тек Чикагоға бағытталған барлық «United» рейстерінің ұшуына тыйым салу туралы бұйрық берген. Кейін ескерту аясы кеңейіп, ақаудың ел көлемінде болғанын растады.

Әуе компаниясы мәселенің түстен кейін шешілгенін хабарлады, алайда кешігулердің кешкі уақытқа дейін жалғасуы мүмкін екенін ескертті.

Әуе компаниясының жазбаша мәлімдемесінде: «Қауіпсіздік — біздің басты мақсатымыз және біз жолаушыларымызды тасымалдау үшін жұмыс істеп жатырмыз», — делінген. Алайда үзіліс туралы нақты мәлімет берілмеген.

«United» әлеуметтік желілер арқылы жолаушыларға «Бүгінгі кідірістер үшін кешірім сұраймыз. Мәселені мүмкіндігінше тез шешу үшін жұмыс істеп жатыр. Сабырлылық танытқандарыңыз үшін рақмет», -  деген хабарлама таратты.

Техникалық ақау жойылғанымен, жолаушыларға кешігулердің жалғасуы мүмкін екені ескертіліп, әуежайға бармас бұрын рейс уақытын тексеруге кеңес берілді.

Іздеу
АҚШ-тағы тағам фестивалінде болған қарулы шабуылдан 2 адам қаза тапты
Триполиде наразылық акциялары өтті
Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы екінші рет чемпион атанды
Ресей шабуылынан Киев облысында 6 адам қаза тапты
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Биыл Батыс Шерияда израильдіктердің шабуылдарынан 86 палестиналық қаза тапты
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Түркия әуе рейстерін уақытында орындауда көш бастап тұр
Балтық елдері ортақ резервтік энергия қуатын құру бойынша келісімге келді