САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Израиль он екі палестиналықты өлтірді
Израильдің шабуылдары тұрғын үйлер мен азаматтық нысандарды нысанаға алды.
Израиль  он екі палестиналықты өлтірді
/ Reuters

Сәрсенбі таңертең Израильдің Газзаны соққымен қиратқан аудандарға жасаған шабуылдарынан соң ең кемі  он екі палестиналық қаза тапты, олардың алтауы бала болатын.

«AA» агенттігіне денсаулық саласындағы дереккөздердің айтуынша, Газаның солтүстігіндегі Джебалия ауданында әл-Нажжар отбасының үйіне жасалған шабуыл нәтижесінде сегіз палестиналық қаза тапты, оның алтауы -жасөспірімдер. Сонымен қатар көптеген адам жарақат алды.

Газаның орта бөлігіндегі Бурейдж босқындар лагерінде орналасқан пәтерге жасалған шабуылда бір ересек адам мен оның жасөспірім баласы қаза тапты.

Оңтүстіктегі Хан-Юнис қаласында бейбіт тұрғындар жиналған аумаққа бомба тасталу нәтижесінде бір әйел мен тағы бір палестиналық қайтыс болып, көптеген адам жарақат алды.

Куәгерлердің айтуынша, аймақта жоғалған адамдарды іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Сәрсенбі күнгі шабуылдар Израиль 2023 жылдың наурыз айының басынан бастап Газаға гуманитарлық көмек өтуіне тосқауыл қойып, азық-түлік тапшылығы күшейген кезеңде болды.

Израиль армиясы 19 қаңтарда Газадағы атысты тоқтату келісімінен кейін 18 наурызда шабуылдарын қайта бастады. Осы уақыт ішінде көбінесе қарттар мен әйелдер және балалардан тұратын 792-ден астам палестиналық қаза тапты, 1663-і жарақат алды.

 2023 жылдың 7 қазан күнінен бастап Израильдің Газаға жасаған шабуылдарында қаза тапқан палестиналықтардың саны 50 144-ке, жарақат алғандар саны 113 704-ке жетті.

Іздеу
НАТО саммиті кезінде Анкарада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Түркия мен Болгария арасындағы ынтымақтастық талқыланды
Израиль заңсыз қоныстарды кеңейту үшін 51 миллион доллар бөлді
«Түркия — НАТО-дағы аса маңызды әрі стратегиялық одақтас»
Сыртқы істер министрі Фидан Болгария премьер-министрімен кездесті
Түркия мен Сауд Арабиясы стратегиялық серіктестікті нығайтуда
Хакан Фидан: «АҚШ пен Иранды келіссөздерге қайта кірісуге шақырамыз»
«Никол Пашинян Армения мен Түркия арасындағы теміржол қатынасының жақын уақытта ашылатынына үміт бі
БҰҰ Израильді палестиналық балаларды қорғауға шақырды
Еуропалық орталық банктің негізгі пайыздық мөлшерлемені көтеруі болжануда
Қытайдың оңтүстігінде жарылыс болды
Президент Ердоған Түрік Қызыл Жарты ай қоғамының құрылған күніне орай құттықтау жариялады
«Солтүстік Кипр Түрік Республикасының құқықтары мен мүдделерін қорғауды жалғастырамыз»
“Президент Трамп зымыран қорының азаюына байланысты қорғаныс өнеркәсібі басшыларымен кездеседі”
"Таяу Шығыстағы бейбітшілік – жаһандық қажеттілік"