САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Дания Украинаның ЕО- ға мүше болуына қолдау көрсетуге уәде берді
Украина Ресеймен басталған кең ауқымды соғыстан кейін Еуропалық Одаққа мүшелікке өтініш берген, алайда бұл үдеріс Венгрияның қарсылығына байланысты тоқтап тұр.
Дания Украинаның ЕО- ға мүше болуына қолдау көрсетуге уәде берді
/ REUTERS
4 Шілде 2025

Дания ЕО-дағы алты айлық төрағалығын атап өту аясында Украина президенті Владимир Зеленскийді қабылдап, Украинаның ЕО-ға қосылуына қолдау білдіретінін мәлімдеді.

Дания премьер-министрі Метте Фредериксен бейсенбі күні:
«Украинаны күшейтуіміз, ал Ресейді әлсіретуіміз керек,» – деді. Фредериксен Киевке әскери қолдауды арттырып, Мәскеуге қарсы санкцияларды күшейтуге уәде берді.

Зеленский Данияның Орхус қаласында Еуропа комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен және Еуропа кеңесінің төрағасы Антониу Коштамен кездесті.

Фредериксен Еуропаның қауіпсіздігін күшейтудің маңызын атап өтіп, бұл бағытты қатаң көші-қон саясатымен байланыстыратынын айтты. Дания ЕО төрағалығы кезінде Украина күн тәртібін толық қолдайтынын және қорғайтынын мәлімдеді.

Орхус қаласындағы бұл кездесу АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинаға НАТО-ға кіруге бағытталған қадамдарын іс жүзінде бұғаттап, елге қару жеткізуді шектейтін шешімдерінен кейін өтті.

Ресейдің шабуылдары соғысты тоқтатуға бағытталған келіссөздерде ілгерілеу болмауы салдарынан күшеюде. Бұл жағдай 2022 жылдың ақпанында басталған соғыстан бері Батыстың әскери қолдауына арқа сүйеп келген Киевке ауыр соққы болды.

Дания премьер-министрі Метте Фредериксен: «УкраинаЕуропаның қауіпсіздігі үшін өмірлік маңызы бар ел. Украинаға көрсетіп отырған көмегіміз өз бостандығымызды қорғау деген сөз» – деді.

Сондай-ақ ол: «Украина – Еуропалық Одақтың құрамында болуы тиіс ел. Бұл Данияның да, Еуропаның да мүддесіне сай келеді. Сондықтан Дания ЕО төрағасы ретінде Украинаның ЕО-ға мүше болу жолындағы үдерісін барынша қолдайды,» – деп мәлімдеді.

Данияның Еуропа істері жөніндегі министрі Мари Бьерре бейсенбі күні журналистерге берген мәлімдемесінде: «Украинаның ЕО-ға мүшелікке өтуі — біз үшін аса маңызды мәселе,» - деді.

«Біз әлі де Венгрияның қарсылығын еңсеруге тырысып жатырмыз,» - деген министр Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбанның «Украинаның ЕО-ға қосылуы 27 мүшелі одақты құрдымға апарады» деген пікірін еске салды.

Венгрия вето құқығын пайдаланып, Украинаның мүшелікке қабылдану процесін тоқтатып отыр.

Украина тарапы болса, Будапешттің ұстанымынан бас тартуы мүмкін екеніне әлі де сенетінін айтып, «ашық жарияланбаған келіссөздер жүріп жатқанын» жеткізді.

Дания үкіметі Орхус қаласында өткен кездесуде Украинаға көрсетілетін әскери көмекті арттыру, елдің қорғаныс өнеркәсібімен ынтымақтастық орнату және Ресейге қарсы жаңа санкцияларды талқылайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ бұл Скандинавия елі Еуропа елдерін қорғанысқа көбірек қаржы бөлуге шақыруда.
Дания наурыз айында ұсынылған Еуропаның қорғаныс әлеуетін арттыруға бағытталған инвестициялық жоспарды қолдайтынын айтып, бұл бастаманың қарапайым рәсімдер мен жеңілдетілген несиелер арқылы жүзеге асырылатынын айтты.

Дания өз қорғаныс шығындарын да айтарлықтай арттырды. Қазіргі таңда бұл шығындар елдің ЖІӨ-нің 3%-дан астамын құрайды.

Іздеу
Түрік тауарлары «Еуропа Одағында өндірілген» таңбасын алады
Израиль Бейруттың оңтүстігіне соққы берді
Сауд Арабиясы үш баллистикалық зымыранды тойтарды
Түркия Эгей аралдарының қарусыздандырылған мәртебесін әлсірету әрекеттеріне қарсы
Иран АҚШ-тың  мұнай танкеріне шабуыл жасағанын мәлімдеді
Иранның ұшқышсыз ұшағы Әзербайжанға келіп құлады
Израильдің әуе шабуылдарынан Ливанда 12 адам қаза тапты
АҚШ Сенаты Иранмен соғысты тоқтатуға бағытталған бастаманы қабылдамады
БҰҰ: “Газада әйелдер мен қыздар аса қиын жағдайда”
АҚШ Кувейтте қаза тапқан екі сарбаздың аты-жөнін жариялады
Испанияның премьер-министрі: «Испания соғысқа қарсы»
БҰҰ: Соғыстың алғашқы екі күнінде Тегераннан 100 мың адам кетіп қалды
АҚШ–Израиль шабуылдарынан 926 адам қаза тапты
НАТО Түркияға бағытталған Иранның баллистикалық зымыранын атып түсірді
Өзбекстан президенті педофилия қылмысына өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын енгізді