ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Трамп АҚШ пен Қытайдың сауда келісіміне қол қойғанын мәлімдеді
АҚШ-тың билік өкілдері бұл келісім сирек кездесетін металдарды жеткізуді жеделдетуге бағытталған шараларды қамтитынын мәлімдеді. Сауда министрі Ховард Лутник Бейжіңнің сирек кездесетін металдарды жеткізетінін және бұл орындалған жағдайда оларға қарсы
Трамп АҚШ пен Қытайдың сауда келісіміне қол қойғанын мәлімдеді
/ AP

АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні Қытаймен сауда келісіміне қол қойғанын мәлімдеді, бірақ толық мәлімет бермеді.

Трамп бейсенбі күні Ақ Үйде өткен «Үлкен, әдемі заң жобасы» іс-шарасында «Біз кеше Қытаймен келісімге қол қойдық, солай емес пе? Біз Қытаймен жаңа келісімге қол қойдық», - деді.

«Келісім бойынша біз Қытайға қарай бағыт аламыз. Бұрын соңды болмаған оқиғалар болып жатыр», - деп қосты ол.

АҚШ пен Қытай шенеуніктері осы айдың басында Лондонда кездесіп, тарифтерді талқылаған болатын.

Сәуір айында АҚШ Қытайдан импортталатын тауарларға көлемді баж салығын енгізе бастады. Бірақ мамыр айында АҚШ пен Қытай алғашқы 90 күннің тарифтерін алып тастауға келісті.

Трамп АҚШ-тың Үндістанмен де келісімге қол қоюы мүмкін екенін атап өтті.

АҚШ-тың тарифтерден 88 миллиард доллар жинағанын атап өткен Трамп «Бұл жақсы емес пе? 88 миллиард доллар»,- деді.

Сирек жер элементтерінің жеткізілуі

Ақ Үйдің ресми өкілі: «АҚШ пен Қытай Женева келісімін жүзеге асыру үшін  келісімге келді. Бұл келісім сирек кездесетін металдарды АҚШ-қа жеткізуді қалай жеделдетуге болатынына қатысты», - деді.

АҚШ Сауда министрі Ховард Лутник «Bloomberg» агенттігіне: «Олар бізге сирек кездесетін металдарды жеткізеді. Олар жеткізген жағдайда ғана біз қарсы шараларымызды алып тастаймыз», - деді.

Республикашылдар ұсынған салық пен шығыстарды қысқарту туралы заң жобасын таныстырған Трамп: «Үлкен, әдемі заң жобасы» Америка Құрама Штаттарының тарихындағы ең маңызды заңнамалық актілердің бірі. Бұл заң жобасы шекарамызды бекітіп, экономикамызды дамытады», - деді.

Өткен ай Өкілдер палатасы бұл ауқымды заң жобасын қабылдаған болатын. Енді Сенаттағы республикашылдар заң жобасына өзгеріс енгізіп, бекіту үшін оны төменгі палатаға қайта жіберуге асығуда.

Іздеу
13 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салуды жоспарлауда
Армения премьер-министрі Пашинян: «Бізге Ресейдің әскери базасы қажет емес»
Түрік әуе жолдары мен «Air China» кодшеринг бойынша ынтымақтастығын арттырды
Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтеді
Аракчи Қытай сапарынан кейін: «Бүгін қабылданған шешімдер стратегиялық тепе-теңдікті айқындайды»
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
"Айдың айналасында соғысқа дайындалуымыз керек"
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Қырғызстан президенті Жапаров Сеулде өткен Орталық Азия-Корея Республикасы саммитінде сөз сөйледі
«AKINCI» әуе нысанасын «SUNGUR» зымыранымен жойды
Иран АҚШ-тың ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді