ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Парсы шығанағы елдері мен АҚШ Катарда 11 күнге созылған аймақтық қауіпсіздік жаттығуын аяқтады
АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс күшейген тұста Катардың ұйымдастыруымен өткен 11 күндік әскери жаттығу аяқталды.
Парсы шығанағы елдері мен АҚШ Катарда 11 күнге созылған аймақтық қауіпсіздік жаттығуын аяқтады
Парсы шығанағы елдері мен АҚШ Катарда 11 күнге созылған аймақтық қауіпсіздік жаттығуын аяқтады / AA

Катар мемлекеттік БАҚ-тарының хабарлауынша, АҚШ пен Парсы шығанағындағы араб елдерінің қатысуымен Катарда өткен аймақтық қауіпсіздік жаттығуы сәрсенбі күні мәресіне жетті.

Катар ақпарат агенттігінің мәліметінше, «Парсы шығанағы қауіпсіздігі-4» деп аталатын бұл жаттығуға Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне мүше елдер қатысты.

Кеңес елдерінің қауіпсіздік және құқық қорғау органдарының бөлімшелері АҚШ-тың арнайы күштерімен бірге оқу-жаттығуға қатысты. Хабарда айтылғандай, жабылу салтанатына қатысушы елдердің Ішкі істер министрлері мен жоғары лауазымды қауіпсіздік өкілдері де қатысты.

Жаттығу барысында 70-тен астам сценарийді қамтитын 260 сағаттан астам дайындық жұмыстары жүргізілді.

Бұл әскери жаттығу АҚШ пен Иран арасындағы текетірес ушығып, сонымен бірге бұл жағдайды бәсеңдетуге бағытталған дипломатиялық талпыныстар жалғасып жатқан кезеңде өтті.

Іздеу
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді
Президент Ердоған Сирия мен Түркияның барлау ұйымына алғыс айтты
Түркия бастаған төрт ел  маңызды келісімге қол қойды
Ресей АҚШ-қа дизель отынын жеткізуді ертең бастамақ
Уиткофф Путинге жаңа бейбітшілік жоспарын ұсынбақ