САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Бұрынғы Израиль премьер-министрі мен Бен-Гвир арасындағы жала жабу дауы өзара келісіммен шешілді
Келісім «Бен-Гвирдің партия белсенділері Беннеттің үйіне басып кірді» деген айыптаулардан кейін жасалды.
Бұрынғы Израиль премьер-министрі мен Бен-Гвир арасындағы жала жабу дауы өзара келісіммен шешілді
/ AP

Израильдің мемлекеттік хабар таратушысы “Kan” агенттігінің хабарлауынша, оңшыл көзқарастағы Ұлттық Қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир Израильдің бұрынғы премьер-министрі Нафтали Беннеттің жұбайына қарсы жала жабу ісін қозғап, оның нәтижесінде Беннет шамамен 35 000 шекель (10 000 АҚШ доллары) өтемақы төлеген.

“Haaretz” газетінің жазуынша, бұл іс Гилат Беннеттің «Бен-Гвирдің партия белсенділерін өз үйіне заңсыз кірді» деп айыптауынан туындаған.

Газет сонымен қатар Бен-Гвир істі қозғаған тұста Нафтали Беннет жайлы "отбасын ыдыратуы мүмкін" сипаттағы "әдептен тыс" ақпаратқа ие екенін айтқанын мәлімдеді.

“Kan” арнасының хабарлауынша, бір айдан кейін тараптар татуласуға келген, бірақ келісімнің егжей-тегжейі жарияланбаған.

«Бұл – ауыз жаптыру емес»

Беннет “X” платформасында жасаған мәлімдемесінде бұл жаңалыққа жауап ретінде татуласудың «ауыз жаптыруға бағытталған төлем» емес екенін атап өтті.

«Бірнеше жыл бұрын сайлау науқаны кезінде бұзақылар Беннеттер отбасының үйіне күшпен кірді. Осы оқиғаға байланысты Гилат Беннет бұл әрекетке Бен-Гвирдің жақтастарын кінәлап жазба жариялады... Бен-Гвир Гилат Беннеттің  өз адамдарының атын атағаны үшін сотқа жүгінді, алайда бұл адамдардың шынымен оның жақтастары екеніне дәлел болған жоқ. Арағайындық барысында өтемақыны қамтыған келісімге қол жеткізілді және ол орындалды. Болғаны осы. Ауыз жаптыру жоқ, бопсалау жоқ, басқа ештеңе жоқ.» – деді ол.

Сәрсенбі күні таңертең Итамар Бен-Гвир Беннеттен алған өтемақыны Израиль Қорғаныс күштері сарбаздарына қайырымдылық ретінде аударғанын, әрі бұл әрекетін «уланған насихат машинасына сабақ» деп атағанын айтты.

Сондай-ақ ол бұл іс пен келісім сол кезде жария етілгенін, бірақ нақты сома бұрын айтылмағанын еске салды.

Іздеу
Израиль күштері Батыс Шериядағы  рейд кезінде 50 адамды қамауға алды
Иран күштері: «Кувейт пен БАӘ-дегі АҚШ базаларына соққы жасадық»
Түркия Қорғаныс министрлігі: «Сирияға қолдауымыз жалғасады»
"Bayraktar AKINCI" нысаналарды дәл көздеп жойды
Ресей ел аумағындағы Гёте институттарының жабылатынын мәлімдеді
АҚШ әскері Тынық мұхитының шығысында есірткі тасымалдады деген күдікпен бір кемені батырды
Трамп Иранмен соғысты аяқтау мүмкіндігін қарастырып жатыр
Ресей Мәскеуге қарай ұшқан 37 дронның атып түсірілгенін мәлімдеді
Трамп: «Иранға жасалған шабуылдар Израиль мен Таяу Шығысқа көмектесу мақсатында жүзеге асырылды»
Ресей: «Украинаның логистикалық орталықтары мен кемелеріне соққы жасадық»
Израиль күштері мен заңсыз қоныстанушылар екі палестиналықты өлтірді
Қырғызстан мен Пәкістан екіжақты сауда көлемін 200 миллион долларға жеткізуді көздейді
Гирне жағалауында апатқа ұшыраған жолаушылар кемесінің қалдықтары табылды
"Грекия қарулы мәртебесі жоқ аралдарды қаруландырудан бас тартуы керек."
"Нашарлап бара жатқан қарым-қатынастар үшін Путиннің Жапонияны кінәлауы қабылданбайды"