САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Израильдің азық-түлік эмбаргосының салдарынан Газада 1,1 миллион бала аштыққа ұшырады
«Save the Children» ұйымының айтуынша, Израильдің Газаға қарсы соғысы және Тель-Авив үкіметінің көмек пен тауарларға эмбаргосы отбасыларды аман қалу үшін барлық шаралар қабылдауға итермелеуде.
Израильдің азық-түлік эмбаргосының салдарынан Газада 1,1 миллион бала аштыққа ұшырады
/ AP

Газадағы балаларға азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты үлкен қауіп төніп отыр. Азық-түлік қауіпсіздігінің интегралды фазалық классификациясы (IPC) жариялаған жаңа деректерге сәйкес, халықтың 93%-ы дағдарыс деңгейінде немесе одан да нашар азық-түлік қауіпсіздігін бастан кешуде.

Аштық дағдарысын өлшейтін жетекші халықаралық орган «IPC» өз баяндамасында «Газаға ашаршылық қаупі төніп тұр» деп мәлімдеді.

Газаның солтүстігінде тұратын 25 жастағы төрт баланың анасы шабуыл уақытша тоқтаған кезде «Save the Children» ұйымының клиникасында балаларының дұрыс тамақтанбауға байланысты емделіп жатқанын айтты.

«Ашаршылықтың не екенін білеміз, ажалдың дәмін таттық. Балаларымыз өлімге кезек күтіп отыр», - деді.

«Save the Children» ұйымы Израиль билігінің көмек пен тауарларға толығымен эмбарго қоюы отбасыларды аман қалу үшін ойға келмейтін шаралар қабылдауға мәжбүр етіп жатқанын білдірді.

Ұйым эмбаргоны тоқтату және Газаға азық-түлік пен дәрі-дәрмек ағынын қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдамаса, бір миллион балаға аштық, ауру және ақырында өлім қаупі төнетінін атап көрсетті.

Соңғы күндері Газа секторының солтүстігіндегі отбасылар тірі қалу үшін шарасыздықтан мал азығын, мерзімі өтіп кеткен ұн мен құм аралас ұнды жеген.

Газаның солтүстігінде жүкті әйелі және екі жасар баласымен бірге тұратын 30 жастағы әке: «Отбасымды қалай тамақтандыратынымды білмеймін. Тамақ жоқ. Сіз елестете де алмайтын нәрселерді жеуден басқа амалым жоқ», - деді.

«Мұндағы жағдай мүшкіл, хаос. Бізді не күтіп тұрғанын білмейміз. Ешкім абыроймен өмір сүріп жатқан жоқ. Бұлардың барлығы неге біздің басымызға келді?», - деп қосты ол.

Генералдардың жоспары

Адам құқықтарын бақылау ұйымы Израиль үкіметінің Газаның азаматтық инфрақұрылымның қалғанын жою және Палестина халқын шағын ауданға ығыстыру жоспары адамзатқа қарсы қылмыстардың, этникалық тазарту мен геноцид актілерінің артуына әкелетінін ескертті.

Ұйымның мәліметінше, Израиль күштері палестиналық бейбіт тұрғындарды мәжбүрлеп көшіру және азық-түлік, су және медициналық көмек сияқты негізгі қажеттіліктерді шектеу сынды тактиканы қолдануда.

Бұл әрекеттер бұрынғы израильдік генерал Джора Эйланд ұсынған «Генералдардың жоспары» деп аталатын стратегияның бір бөлігі.

Жоспар Газаның солтүстігіндегі бейбіт тұрғындарды эвакуациялауды және қалғандарын жауынгерлер қатарына жатқызуды, осылайша оларға қарсы әскери әрекетті заңдастыруды жақтайды.

Көптеген ұйым «Бұл тәсіл тиімді түрде бейбіт тұрғындарды нысанаға алады және халықаралық гуманитарлық құқыққа сәйкес ерекшелік пен пропорционалдылық принциптерін бұзады», - деді.

Адам құқықтарын бақылау ұйымы және Халықаралық рақымшылық ұйымы сияқты құқық қорғау ұйымдары бұл санкциялар геноцид актілері болуы мүмкін деген алаңдаушылық білдірді. Азаматтық инфрақұрылымды қасақана нысанаға алу және гуманитарлық көмекті шектеу геноцид конвенциясында анықталғандай ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топты толық немесе ішінара жою ниетінің дәлелі ретінде келтірілген.

Іздеу
Президент Ердоған Трампқа қолдау білдірді
Израиль оппозициясы Нетаньяхуға қарсы бірігуде
Пхеньян мен Мәскеу өзара қорғаныс келісімін растады
Президенттік 7-ші Халықаралық Яхта Жарыстарында Ұлттық Егемендік Кубогы басталды
Қытай Айда екі жаңа минералдың табылғанын хабарлады
Украина дрон өндірісі бойынша жаңа келісім бекітті
“БҰҰ Жарғысының қағидаттары тікелей шабуылға ұшырап отыр”
Пәкістанның солтүстік-батысында 22 террорист залалсыздандырылды
Израиль Ливанға шабуылдады
Түркия мен Ұлыбритания жаңа келісімге қол қойды
Президент Ердоған: «Балалар соғыстың зардабын шекпеуі тиіс»
Түркия 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салады
АҚШ Түркияны "F-35" бағдарламасына қайта оралуға шақырды
Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерге қатысты жаңа мәлімдеме жасалды
Израиль танымал ливандық журналист Амаль Халильді өлтірді