ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ТУРИЗМ
2 ... минут оқылды
Ұйқының сапасы маңызды ма, әлде ұзақтығы ма?
Шамамен 100 мың адамның деректері сараланған зерттеу ұйқының ұзақтығымен қатар, оның сапасы да денсаулық үшін маңызды болуы мүмкін екенін көрсетті.
Ұйқының сапасы маңызды ма, әлде ұзақтығы ма?
Ұйқының сапасы маңызды ма, әлде ұзақтығы ма?

Қытайдағы Бейжің университетінің зерттеушілері Ұлыбританиядағы «UK Biobank» деректер базасына енген 95 мың 559 адамның денсаулық көрсеткіштерін зерттеді.

Қатысушылардың ұйқы режимі қатарынан 7 күн бойы білектеріне тағылған қозғалыс өлшегіш құрылғылар арқылы бақыланды. Зерттеушілер жалпы ұйқы ұзақтығымен қатар, «REM» ұйқысы, терең және жеңіл ұйқы кезеңдерін, түн ішінде ояу жатқан уақытты және ұйқы режимінің өзгеруін бағалады.

Қатысушылар орта есеппен 9 жыл бойы бақылауда болды. Ұйқыға қатысты деректер олардың мыңнан астам аурумен байланысы тұрғысынан талданды.

«REM» ұйқысына назар аударылды

Зерттеу барысында «REM» ұйқысының ұзағырақ болуы жүрек жеткіліксіздігі, деменция және Паркинсон ауруларымен қатар 83 аурудың даму қаупінің төмен болуымен байланысты екені анықталды.

Ал терең ұйқының ұзақ болуы 2-типті қант диабеті мен клиникалық депрессияны қоса алғанда, 7 аурудың даму қаупінің төмендеуімен байланысты болды.

Керісінше, ұйқы режимінің тұрақсыздығы мазасыздық және психобелсенді заттарды қолдануға байланысты бұзылыстар секілді кейбір денсаулық мәселелерінің жоғары қаупімен байланыстырылды.

6–8 сағат ұйықтайтын адамдарда  ауру қаупі төмен

Зерттеу нәтижесінде тұрақты түрде тәулігіне 6-дан 8 сағатқа дейін ұйықтайтын адамдардың түрлі ауруларға шалдығу қаупі төмен екені анықталды.

Тәулігіне 5 сағаттан аз ұйықтайтын адамдарда 37 түрлі денсаулық мәселесінің туындау қаупі жоғары екені анықталды. Ал 8 сағаттан артық ұйықтайтындарда да кейбір аурулардың даму қаупінің артқаны байқалды.

Зерттеушілердің айтуынша, аурулардың көпшілігінде ең төмен қауіп тәулігіне 6–8 сағат ұйықтайтын адамдарда байқалған.

Ғалымдар бұл зерттеудің бақылау мақсатында жүргізілгенін және ұйқы режимінің ауру қаупінің өзгеруіне тікелей себеп екенін дәлелдемейтінін ескертті.

Зерттеушілердің айтуынша, бұл нәтижелер әсіресе орта жастағы және егде жастағы адамдар үшін 6–8 сағаттық ұйқының маңызын көрсететін бұрынғы ғылыми деректерді толықтыра түседі.

Іздеу
Қазақстан мен Татарстан «Қазан-Астана» әуе рейстері арқылы өзара жақындай түсті
БҰҰ Газада санитарлық жағдайдың нашарлап бара жатқанын ескертті
«Галатасарай» «Штутгартты» 2:0 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасындағы ұпай санын 6-ға жеткізді
АҚШ-тағы аралық сайлау: Сенатта басымдық демократтарда
Ғалым Джеффри Хинтон жасанды интеллектінің қаупін Чернобыль апатымен салыстырды
Президент Ердоған Оңтүстік Кореяның ірі компанияларының басшыларымен кездесті
Иран АҚШ-тағы аралық сайлау нәтижесіне қатысты пікір білдірді
Түркі мемлекеттері 2027 жылы ортақ жерсерік ұшыруды жоспарлап отыр
Тегеранда «Трампты өлтіреміз» деген плакат ілінді
Президент Ердоған: «Оңтүстік Кореямен ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқыладық»
Ресей Түркі Мемлекеттері Ұйымына қосылуға дайын екенін білдірді
Президент Ердоған әуеден Қазақстанға жолдау жіберді
Түркиялық оқушы Эйнштейн олимпиадасында математикадан әлем чемпионы атанды
Президент Ердоған Оңтүстік Кореяда
АҚШ қараша айында Ресей-Украина бейбітшілік келіссөздеріне дәнекерлік етеді