САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Ұлыбритания Израильмен сауда келіссөздерін тоқтатты
Сыртқы істер министрі Дэвид Лэмми жалғасып жатқан гуманитарлық көмек блокадасы мен Израиль шенеуніктерінің арандатушы мәлімдемелерін айыптады.
Ұлыбритания Израильмен сауда келіссөздерін тоқтатты
/ AP
22 Мамыр 2025

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Газадағы «қорқынышты» әскери әрекетті айыптады. Бұл ел Израильмен еркін сауда келіссөздерін тоқтатты. Елшісін еліне шақырып, басып алынған Батыс Шериядағы қоныстанушыларға қарсы жаңа санкциялар жариялады.

Израиль армиясы өткен апта жаңа операция басталғанын жариялады. Ал Газадағы дәрігерлер Израиль шабуылдары соңғы сегіз күнде 500-ден астам адамның өмірін қиғанын айтты.

Израиль наурыз айының басынан бері Газаға медициналық материалдар, азық-түлік және жанар-жағармайдың кіруіне тосқауыл қойған болатын. Бұл халықаралық сарапшыларды ашаршылық туралы ескертуге итермеледі. Алайда  дүйсенбі күні кейбір жүк көліктеріне рұқсат берілді.

Сыртқы істер министрі Дэвид Лэмми сейсенбі күнгі мәлімдемесінде «Бұл қақтығыстың жаңа кезеңі - қараңғылық» деп атап, Израильді көмек шектеуін тоқтатуға шақырды. Қаржы министрі Безалел Смотрихтің Газа тұрғындарын тазарту және үшінші елдерге көшіру туралы мәлімдемесін айыптады.

«Бұл - экстремизм. Қауіпті, жиіркенішті және  қорқынышты. Мен мұны қатаң түрде айыптаймын», - деді Лэмми. Сондай-ақ ол Газадағы операцияның екіжақты қарым-қатынастарға негіз болатын принциптерге сәйкес келмейтінін атап өтті.

«Бүгін Израиль үкіметімен жаңа еркін сауда туралы келіссөздерді тоқтататынымызды жариялаймын», - деді ол.

Израиль болса 2022 жылы бұрынғы консервативті британ үкіметі кезінде ресми түрде басталған сауда келіссөздерінің біраз уақыттан бері ілгерілемегенін атап өтті.

«Британ мандаты осыдан тура 77 жыл бұрын аяқталды. Сыртқы қысымдар Израильді жауларынан қорғану жолынан тайдыра алмайды», - деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы.

ЕО байланыстарын үзуде

Сонымен қатар Еуропалық Одақ Газадағы гуманитарлық дағдарысқа қатысты алаңдаушылықтың артуына байланысты Израильге берген сауда артықшылықтарын қайта қарастыратынын хабарлады.

«Бүгінгі пікірталастардан белгілі болғандай, басым көпшілігі Израильмен серіктестік туралы келісімнің 2-бабын қайта қарауды қолдайды. Сондықтан біз бұл жұмысты бастаймыз», - деді Каджа Каллас Брюссельдегі ЕО Сыртқы істер кеңесінің отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында.

«Ал гуманитарлық көмек көрсету бойынша кедергілерді жою Израильге байланысты. Өмірді сақтау біздің басты міндетіміз болуы керек», - деп қосты ол.

Каллас Газадағы гуманитарлық жағдайды «апат» деп сипаттап, Еуроодақ қаржыландыратын көмектің шекарада бөгеліп жатқанын айтты.

«Израиль рұқсат берген көмек, әрине құпталады, бірақ бұл мұхиттағы тамшы ғана сияқты. Көмек дереу, еш кедергісіз және ауқымды түрде жетуі керек, өйткені бұл үлкен қажеттілік», - деді ол.

Іздеу
Иран АҚШ-ты келіссөздерді бұзды деп айыптады
Газада ұн дағдарысы
Анталия жаһандық дипломатияның маңызды алаңына айналмақ
АҚШ Иранмен қақтығысқа қолдау білдірмеген бірқатар НАТО елінен әскери күштерін әкетпек
Ирандық дипломат АҚШ пен Израильдің «террористік» шабуылынан кейін қаза тапты
Ресей Пасха мерeкесіне орай Украинамен атысты тоқтату режимін жариялады
Ресей 1 000 украин сарбазының мәйітін қайтарды
Иран байыту бағдарламасына қандай да бір шектеу қойылуын қабылдамады
Грузия-Әзербайжан шекарасында апатқа ұшыраған “C-130” ұшағынан жарылғыш зат табылмады
Түркияның бұрғылау кемесі Сомалиде тарихи миссиясын бастады
Солтүстік Корея баллистикалық зымыран сынағын өткізді
Бурханеттин Дуран: «НАТО заманауи құрылымдық соғыс қаупіне қарсы қайта қалыптасуы тиіс»
Пәкістан Израильді айыптады
БҰҰ Бас хатшысы Израильдің Ливанға шабуылдарын айыптады
Израиль 6 апталық үзілістен кейін Әл-Ақса мешіті мен Қасиетті Қабір шіркеуін қайта ашады