ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
«Roketsan» «Eren» оқ-дәрісін таныстырды
Жоғары жылдамдықты, көп платформалы қару ұшқышсыз ұшу аппараттары мен құрлық әскерлерінің соққы беру қуатын арттырады.
«Roketsan» «Eren» оқ-дәрісін таныстырды
«Roketsan» «Eren» оқ-дәрісін таныстырды / AA

Түркияның қорғаныс компаниясы «Roketsan» сәрсенбі күні Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өткен «World Defence Show» 2026 көрмесінде жоғары жылдамдықты, көп мақсатты «Eren» жоспарлаушы оқ-дәрісін алғаш рет таныстырды.

Түркияның жетекші оқ-дәрі, зымыран және зымыран жүйелері өндірушісі 8-12 ақпан аралығында өткен көрмеде кең өнім желісін таныстырды. Олардың қатарында «MAM-C», «MAM-L» және «MAM-T» шағын ақылды оқ-дәрілері, әуе-жер баллистикалық дыбыстан жылдам«UAV-230»  зымыраны, «Karaok» қысқа қашықтықтағы танкіге қарсы қару, «Çakır» қанатты зымыран, «SOM» алыс қашықтықтан соққы беретін оқ-дәрі, «Sungur» әуе қорғаныс зымыран жүйесі, «Hisar-O» әуе қорғаныс зымыраны және ұзақ қашықтықтағы әуе және зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі «Siper» бар.

«Roketsan» сондай-ақ «Bora», «TRG-230» және «TRG-300» зымырандарын, «KMC» тактикалық зымыран ұшыру жүйесін және «Burç» жылжымалы әуе қорғаныс жүйесін де таныстырды.

Компанияның мәліметінше, отандық «Eren» оқ-дәрісі бір жылдан аз уақыт ішінде әзірленіп, көп мақсатты қаруланған ұшқышсыз ұшу аппараты «Bayraktar Akıncı» платформасында сынақтан өткен.

Жоғары жылдамдықты жоспарлаушы оқ-дәрі «Eren» биыл жаппай өндіріле бастайды. Ол Түркия Қарулы күштері мен Түркияның дос, әрі одақтас елдерінің операциялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған.

«Eren» ұшқышсыз ұшу аппараттарынан, тікұшақтардан, құрлық платформаларынан, жерден орналастырылатын жүйелерден және теңіз платформаларынан ұшырылады. Ол баяу жылдамдықтағы әуе нысандарымен қатар сауытты және сауытсыз құрлықтағы нысандарға қарсы да тиімді.

«Roketsan»-ның мәліметінше, оқ-дәрі озық бағыттау мүмкіндіктеріне ие және оның ұшу қашықтығы 100 шақырымнан асады.

«Әуе-жер, жер-жер және жер-әуе нысандарына соққы бере алатын және тиімді бағадағы оқ-дәрі әзірлеуді мақсат еттік», - деді «Roketsan» компаниясының бас директоры Мурат Икинджи.

Оның айтуынша, «Eren» Түркияның ұшқышсыз ұшу аппараттарының соққы беру қуатын едәуір арттырып, автономды жүйелерді, сауытты техниканы және бекіністерді қоса алғанда құрлық платформаларынан шабуылдар жасауға мүмкіндік береді.

Икинджи оқ-дәріге енгізілген жасанды интеллект алгоритмдері мен жетілдірілген ұшу басқару сенсорлары турбореактивті қозғалтқышпен үйлескенде жаңа операциялық сегментке жолын ашатынын айтты.

Сондай-ақ интеграция жұмыстары ұшқышсыз жерүсті көліктері, сауытты платформалар, ұшқышсыз ұшу аппараттары және жақын әуе қорғаныс жүйелері үшін жалғасып жатқанын, болашақта оны ұшақтарға да біріктіру мүмкін болатынын жеткізді.

Іздеу
Президент Ердоған: «Израиль шабуылдары Түркияға да қауіп төндіруде»
Әскери авиацияда Түркияның ықпалы артуы мүмкін
Энергетика және табиғи ресурстар министрі: «Ынтымақтастығымыз жаңа бағыттармен артуда»
Түркия «COP31» конференциясын өткізу туралы келісімге қол қойды
Түркия жасыл экономикаға 200 млн еуро тартты
Түркия мен Канада еркін сауда келісімін талқылайды
Түркияның «T3» қоры Еуропаның беделді сыйлығына ие болды
Түркия қорғаныс өнеркәсібінде жаңа деңгейге көтерілді
Президент Ердоған Венесуэла вице-президентімен кездесті
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Каирде
«Нөлдік қалдық» фестиваліне 1 миллионнан астам адам келді
Хакан Фидан: «Түркия мен Үндістан өзара ынтымақтастық орнатуы керек»
Бангладеш Сыртқы істер министрі: «Түркия – аса маңызды серіктес»
Жасыл энергетика Түркияның экологиялық нәтижелерін күшейтті
Түркия мен Корея стратегиялық байланыстарды нығайтпақ
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды