ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Министр Фидан: «Украинаға сапарымыз өте нәтижелі өтті»
Министр Хакан Фидан Түркия мен Украина арасындағы еркін сауда туралы жаңа келісімнің маңызын атап өтіп, Анкараның Украинаның егемендігін қолдайтынын және бейбітшілік орнатуға бағытталған бастамаларға қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
Министр Фидан: «Украинаға сапарымыз өте нәтижелі өтті»
Украина президенті Владимир Зеленский Киевте Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фиданға орден табыстауда. / َAA

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан екіжақты қарым-қатынастар, сауда және өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланған аса нәтижелі Киев сапарынан кейін Түркия мен Украина арасындағы стратегиялық серіктестіктің нығая түскенін мәлімдеді.

Жұма күні «X» әлеуметтік желісінде жариялаған мәлімдемесінде Фидан Украина президенті Владимир Зеленскиймен, Президент кеңсесінің басшысы Будановпен және Сыртқы істер министрі Сибигамен өткен кездесулерде екіжақты қатынастармен қатар, Ресей мен Украина арасындағы соғыстың қазіргі жағдайы жан-жақты талқыланғанын айтты.

Фидан жазбасында: «Соғыс жағдайына қарамастан, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түскеніне қуаныштымыз», – деді.

Сапар алдында Украина парламентінің Түркия мен Украина арасындағы Еркін сауда туралы келісімді мақұлдауын құптайтынын айтқан Фидан бұл қадам кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндік болып, екі ел арасындағы экономикалық қатынастарды айтарлықтай ілгерілететін маңызды белес екенін мәлімдеді.

Түркия бейбітшілікті қолдайтынын мәлімдеді

Сапар барысында Фидан Түркияның Украинаның тәуелсіздігіне, егемендігіне және аумақтық тұтастығына қолдау көрсететінін тағы да растады. Ол: «Түркия ретінде тараптарды қайтадан келіссөз үстеліне отырғызуға және тұрақты бейбітшілікке үлес қосуға бағытталған кез келген бастаманы қолдауға дайынбыз», – деді.

Фидан сондай-ақ Қырым татарларының ұлттық көшбасшысы Мұстафа Абдулжемил Кырымоглумен және Қырым татарлары мәжілісінің төрағасы Рефат Чубаровпен кездесіп, Қырым татарлары қауымының жағдайын талқылады. Ол Қырым татарларының құқықтарын қорғау мен олардың мәдени болмысын сақтаудың Түркия үшін әрдайым басым бағыт болып қала беретінін атап өтті.

Министр Фидан сапар аясында Украина президенті Владимир Зеленскийдің орден табыстауын зор мәртебе санайтынын айтып, Украина билігіне алғысын білдірді.

Фидан: «Түркия Украинамен достық пен стратегиялық серіктестікті екі ел президенттері айқындаған көзқарас негізінде, өзара сенім мен ортақ мүдделер аясында одан әрі нығайта береді», – деп мәлімдеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Іздеу
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан үшжақты келісімге қол қоймақ
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды
Министр Фидан: «Сириямен болашағымыз ортақ»
Президент Ердоған “Терроризмнен азат Түркия” жобасына қатысты мәлімдеме жасады
Ливанның оңтүстігінде болған жарылыстан екі израильдік сарбаз қаза тапты
Трамп елге заңсыз мигранттардың кіруін тоқтатқандарын алға тартты
Израильдік заңсыз қоныстанушылар палестиналықтардың үйлерін өртеп, 6 адамды жаралады
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
«Wildberries» қоймасы қайта зақымданды
Трамп «АҚШ-та оқ-дәрі қоры азайды» деген ақпаратты жоққа шығарды
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды