ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Ердоған: «Халықаралық қауымдастықтың тұрақты және табанды ерік-жігері Нетаньяхуды тоқтата алады»
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Израильге бағытталған дипломатиялық қысымды күшейту қажет екенін атап өтіп, Газадағы бітімнің толыққанды орындалуы тиіс екенін мәлімдеді.
Ердоған: «Халықаралық қауымдастықтың тұрақты және табанды ерік-жігері Нетаньяхуды тоқтата алады»
Ердоған: «Халықаралық қауымдастықтың тұрақты және табанды ерік-жігері Нетаньяхуды тоқтата алады» / AA
24 Қараша 2025

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған халықаралық қауымдастықты Израильдің Газадағы әрекеттеріне қарсы нақты, табанды және бірізді болуға шақырып, дипломатиялық қысымды арттырудың және шексіз гуманитарлық көмектің аймаққа үздіксіз жеткізілуінің маңызын атап өтті.

«G20» көшбасшылар саммитінен қайтар жолда журналистерге берген сұхбатында Ердоған: «Халықаралық қауымдастықтың табанды, тұрақты ерік-жігері Нетаньяхуды тоқтата алады деп сенемін», - деді.

Израильдің бітімді бұзу әрекеттеріне қатысты ол: «ХАМАС Израильдің барлық арандатушылықтарына қарамастан төзімділік танытып, бітімге адал болып отыр», - деді  және «Бұл бітім мінсіз орындалуы керек»,- деп қосты.

Президент Ердоған аймақтық қауіпсіздік мәселелеріне тоқталып, қандай да бір қауіп сезілген жағдайда Анкараның қажетті қадамнан тартынбайтынын ескертті:
«Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі мен тыныштығына байланысты бұған дейін қандай қадам басқанымыз бәріне мәлім. Ұқсас қауіппен қайта бетпе-бет келгіміз келмейді, бірақ ондай жағдай туындаса, қажетті шараны қабылдаймыз», - деді.

Өзгеріп жатқан жаһандық одақтар арасында артқан күш

Ердоған Түркияның Ресей-Украина қақтығысында араағайындық жасауға дайын екенін тағы да атап өтіп, «Түркия бұған дейін Стамбулда қандай маңызды рөл атқарған болса, бүгін де сол конструктивті ұстанымды жалғастыруға дайын», - деді.

АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинаға байланысты ұсынған 28 тармақтан тұратын бейбітшілік жоспарына қатысты сұрақтарға жауап берген Ердоған: «Жоспар тараптардың заңды шарттарын, қауіпсіздік қажеттіліктерін жаңа тұрақсыздықтарға жол бермей қанағаттандырса, келісім мүмкін болады», - деп пікір білдірді.

Президент Ердоған алдағы кезеңде Түркияның өзгеріп жатқан жаһандық одақтар арасында артқан күш ретінде ұстанған бағытын сақтайтынын айтты. Ол сондай-ақ отандық танктер, ұшақтар және ұшқышсыз әуе жүйелерін қоса алғанда жоғары технология, энергетика және қорғаныс салаларына жасалып жатқан инвестицияларға тоқталды.

Сонымен қатар отбасы құрылымын қорғау және саясатты 50 жылдан кейінгі, 100 жылдан кейінгі болашағымызды ойлай отырып жоспарлау басты мақсаттардың бірі екенін атап өтті.

Ердоған: «Өз жолымызды өзіміз қалыптастырамыз, өз тағдырымызды өз қолымызбен жасаймыз. Бұрынғы Түркия мен бүгінгі Түркияның арасында үлкен айырмашылық болған сияқты, келесі ұрпаққа қалдыратын еліміз де бүгінгіден мықты болады», -  деп мәлімдеді.

Іздеу
Түрік барлау қызметі аймақтық шиеленісті бәсеңдетуге қалай көмектесуде?
Стамбулдағы полиция бекетіне жасалған террорлық шабуылдан кейін 10 адам ұсталды
Президент Ердоған АҚШ пен Иран арасындағы бітімді құптады,«арандатушылықтардан» сақтандырды
Түркия уақытша бітімді құптайды және оның «толық жүзеге асырылуын» талап етеді
АҚШ пен Иранның келісімінен кейін мұнай бағасы төмендеп, акциялар артты
АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісті, келіссөздер Исламабадта өтеді
Түркия мен Пәкістан Сыртқы істер министрлері Ирандағы соғысты талқылады
АҚШ пен Израиль Иранның Харк аралын атқылады
Иранның әуежайлары мен қалаларына әуеден шабуыл жасалды
Стамбулдағы Израиль консулдығы маңында болған қарулы қақтығыста үш террорист залалсыздандырылды
"Пәкістанның Таяу Шығыстағы бейбітшілік келіссөзіндегі рөлі "маңызды" кезеңге жақындап келеді"
Франция Иранның инфрақұрылымына жасалатын шабуылдар туралы АҚШ-қа ескерту жасады
«Израиль Иранмен соғысты тоқтатуға бағытталған барлық әрекеттерге кедергі келтіруде»
АҚШ сенаторлары: “Трамптың Иранға бағытталған қоқан-лоққылары соғыс қылмысына тең”
АҚШ пен Израиль Иранның ең ірі мұнай-химия кешенін нысанаға алды