ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
1 ... минут оқылды
Қытайдағы марафонда роботтар адамдармен жарысты
Қытайда жасалған «Tien Kung Ultra» роботы 21 км жолды небәрі 2 сағат 40 минутта аяқтап, әр түрлі уақытта бастаған 20-ға жуық гуманоид роботтарды жеңді.
Қытайдағы марафонда роботтар адамдармен жарысты
/ AP
22 Сәуір 2025

Әлемде алғаш рет гуманоид роботтар адамдармен бірге жарысқан марафон ұйымдастырылды. Қытайда жасалған «Tien Kung Ultra» роботы сенбі күні өткен жартылай марафонды шамамен 2 сағат 40 минутта бірінші болып аяқтады. Қытай үкіметіне қарасты «Global Times» газеті роботтың 21 шақырымдық жолды шаршамай аяқтағанын хабарлады.

Жарысқа шамамен 20 робототехника компаниясының роботтары қатысты. Оның ішінде «Unitree»-нің «G11» моделі, «Leju Robotics» компаниясының «Kuavo» моделі және «NOETIX»-тің «N2» моделі бар.

Қауіпсіздік мақсатында адамдар мен гуманоид роботтар арасында кедергілер қойылғанымен, роботтарға адамдарға берілгендей уақыт шкаласы берілмеді.  Гуманоид роботтар старт белгісінен кейін бір минуттық аралықта жарысты бастады.

Жарыс жолында қолдау станциялары орнатылып, арнайы робот топтары роботтарға қызмет көрсету және батареяларын ауыстыру сияқты тапсырмаларды орындады.

Кейбір роботтар ұзақ қашықтыққа жүгіруге төтеп бере алатындай үздіксіз жұмыс істеуге мүмкіндік беретін ауыстырылатын батарея жүйелері сияқты арнайы конструкциялармен жабдықталған.

Ал кейбір гуманоид роботтар қорғаныс аяқ киімімен және аяқтарына тозуға төзімді аксессуарлармен жабдықталған.

Іздеу
Өзбекстан президенті педофилия қылмысына өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын енгізді
Ұлттық Қорғаныс министрлігі: «Түрік әуе кеңістігіне бағытталған баллистикалық оқ-дәрілер жойылды»
Трамп АҚШ Әскери-теңіз күштеріне Ормуз бұғазымен өтетін мұнай танкерлерін қорғауды тапсырды
Израиль Ливанға жасалған шабуыл кезінде «Хезболланың» жоғары лауазымды өкілі өлтірілгенін мәлімдеді
«Түркия мәселелерді «бейбітшілікке негізделген дипломатиямен» шешуге тырысуда»
Түркия Израильде ұсталған «CNN Türk» тілшілерінің дереу босатылуын талап етті
Түркия Сыртқы істер министрі Ирандағы жағдайға байланысты бірқатар келіссөз өткізді
Индонезия мен Иран сыртқы істер министрлері сөйлесті
«Иран әділетсіз әрі заңсыз шабуылға ұшырады»
Президент Ердоған Таяу Шығыстағы қақтығыстарды тоқтатуға шақырды
Түрік әуе компаниялары Таяу Шығысқа барлық рейсті тоқтатты
Иранға бағытталған шабуылдар басталғалы бері  АҚШ-тың 6 сарбазы қаза тапты
Иран Хормуз бұғазынан өтуге тырысқан кемелерге шабуыл жасалатынын ескертті
Әлем елдері өз азаматтарын Таяу Шығыстан эвакуациялауда
БҰҰ: «Израиль Газаға гуманитарлық көмекті тоқтатты»