ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Шабуылдан кейін “Wildberries” кейбір логистикалық орталықтарының жұмысын уақытша тоқтатты.
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
(МҰРАҒАТ) Ленинград облысындағы "Wildberries" қоймасына ҰҰА шабуылы.

Ресейдің Ленинград облысында елдің ең ірі электрондық коммерция платформасы “Wildberries”-ке тиесілі қоймаға жасалған ұшқышсыз ұшу аппаратының шабуылынан шыққан өрт салдарынан 3 адам жараланды.

Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденко жазбаша мәлімдемесінде Всеволожск ауданындағы “Wildberries” қоймасына дронмен шабуыл жасалғанын хабарлады.

Дрозденконың айтуынша, шабуылдан кейін қоймада өрт шығып, 3 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Сондай-ақ ол тағы бір дронның Киров ауданындағы құс шаруашылығы кәсіпорнының қоймаларының біріне тигенін, соның салдарынан ғимараттың бір бөлігі опырылғанын, алайда зардап шеккендер болмағанын мәлімдеді.

Wildberries” компаниясы шабуылдан кейін өңірдегі кейбір логистикалық орталықтарының жұмысын уақытша тоқтатқанын хабарлады.

Соңғы күндері Ресейдегі ең ірі электрондық коммерция платформасы “Wildberries”-тің әртүрлі логистикалық орталықтарына шабуылдардың артқаны атап өтілді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ресейдегі "Wildberries" орталықтарына шабуыл жасалды
Іздеу
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Немрут тауына келушілер көбейді
Ресейдегі Орск мұнай өңдеу зауыты дрон шабуылынан кейін жұмысын толық тоқтатты
Түркия Қорғаныс министрлігі: «Мекке келісімі ешбір елді ортақ жау ретінде қарастырмайды»
Анкарада ірі қаржылық қылмысқа қатысты операция басталды
Иран теңіздегі экологиялық залал үшін өтемақы талап етуде
АҚШ-тың Израильдегі елшісі Батыс Шериядағы еврей қоныстанушыларының «террорлық әрекеттерін» айыптады
Түркия 2027 жылы Айға өз аппаратын ұшырады
БАӘ королінің ұшағының Иранға барғаны туралы мәлімдеме
Иран АҚШ-тың Ормуз бұғазы туралы мәлімдемесін жоққа шығарды
Иранның Сыртқы істер министрінен Францияға жауап
Ресей “Telegram” мен “Google” компанияларына 26 миллион рубль айыппұл салды
Ресей президенті Путин Куриль аралдарына барды