САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Бразилия мен АҚШ сауда ынтымақтастығы талқыланды
Луис Инасиу Лула да Силва Трамппен келіссөздерінің «шын ниетті және сындарлы» өткенін айтып, кедендік тарифтерге қатысты келіспеушіліктерді шешу және экономикалық ынтымақтастықты жандандыру үшін күш салатындарын жеткізді.
Бразилия мен АҚШ сауда ынтымақтастығы талқыланды
Лула мен Трамп соңғы жылдары екіжақты қатынастарды шиеленістірген сауда тосқауылдары мен санкция мәселесін талқылады. / Reuters
27 Қазан 2025

Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Куала-Лумпурда өткен Оңтүстік-Шығыс Азия Ұлттары қауымдастығының (АСЕАН) 47-саммиті барысында АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескеннен кейін Бразилия мен Америка Құрама Штаттары сауда келісіміне келетініне сенім білдірді.

Кездесуден кейін журналистерге Лула: ⁠«Ол нақты уәде бермесе де, маған келісімге келетінімізге кепілдік берді. Әрі бұл көптеген адам ойлағаннан әлдеқайда тез жүзеге асады деп ойлаймын», - деді.

Екі көшбасшы соңғы жылдары екіжақты қатынастарды қиындатқан сауда кедергілері мен санкция мәселесін талқылады. Лула “X” платформасында екі тараптың топтары кедендік тарифтер мен Бразилия шенеуніктеріне қатысты санкцияларға шешім табу үшін жақын арада кездесуге келіскенін хабарлады.

Бразилияның Оңтүстік Америкадағы стратегиялық рөлі

Екі ел арасындағы шиеленіс АҚШ-тың Бразилия экспортына 50 пайыздан астам мөлшерде кедендік салық енгізуі және Трамптың одақтасы, төңкеріс ұйымдастырмақ болды деген айыппен 27 жылға сотталған бұрынғы президент Жаир Болсонаруға байланысты шенеуніктерге салынған санкциялардан кейін күшейген болатын.

Кездесу кезінде Лула аймақтық мәселелерге де тоқталып, Трампқа Бразилияның Оңтүстік Америкадағы стратегиялық рөлін ескерудің маңыздылығын айтты. ⁠«Мен оған Оңтүстік Американың ең ірі әрі ең маңызды экономикасы ретінде Бразилияның аймақтағы орнын ескеру аса маңызды екенін айттым. Біз Венесуэламен қатынастарда көмектесе аламыз», - деді Лула.

«Өте жақсы келісім»

Трамп та оң көзқарас танытып, келіссөзден кейін ⁠«Біз екі ел үшін де өте жақсы келісім жасай аламыз деп ойлаймын», - деді.

Сонымен қатар Лула Бразилияның осы жылдың басында қабылданған бес жаңа мүшемен қатар Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка елдерінен тұратын өсіп келе жатқан экономикалар тобы БРИКС-ке толыққанды мүше болғысы келетін Малайзияның кандидатурасын қолдайтынын мәлімдеді.

Куала-Лумпурда өткен бұл кездесу Вашингтон мен Бразилиа арасындағы жылдар бойы созылған сауда және саяси шиеленістерден кейін қарым-қатынастардың жұмсарғанының белгісі болды.

Іздеу
Пәкістан Кандагарға соққы берді
Израильдің Газаға жасаған әуе шабуылынан төрт адам қаза тапты
Ердоған Иран мен Ливандағы мектеп пен ауруханаларды нысанаға алған «қанқұмар желіні» айыптады
Басып алынған Батыс Шерияда еврей қоныстанушылар палестиналықтарға шабуыл жасады
Израильдің Газаға жасаған шабуылдарынан алты адам қаза тапты
Түркия  жасанды интеллект қолдауымен жұмыс істейтін камикадзе ҰҰА-сын таныстырды
АҚШ Таяу Шығысқа қосымша әскер мен  кеме жіберуде
Сыртқы істер министрі Фидан әзербайжандық және катарлық әріптестерімен сөйлесті
Түркияны аймақтық "от шеңберден" тыс ұстау — басты басымдық
Израиль Газада үш палестиналықты өлтіріп, атысты тоқтату келісімін тағы бір мәрте бұзды
Түрік кемесі Ормуз бұғазынан өтті
Ираннан Түркияның әуе кеңістігіне атылған баллистикалық оқ-дәріні НАТО зарарсыздандырды
Пәкістан премьер-министрі Сауд Арабиясын «толық қолдауға» уәде берді
Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке "Ататүрік" халықаралық бейбітшілік сыйлығын табыстады
АҚШ-тың әскери ұшағы Ирактың батысында апатқа ұшырады