САЯСАТ
2 ... минут оқылды
АҚШ Ресейге қысымды арттырмақ
Заң жобасы Өкілдер палатасында 219 қарсы дауысқа 226 дауыспен қабылданып, Сенаттың қарауына жіберілді. Заң жобасы Сенатта кемінде 60 дауыс жинаса ғана күшіне енеді.
АҚШ Ресейге қысымды арттырмақ
АҚШ Украинаға 1,8 млрд доллар көмек көрсетіп, Ресейге қысымды арттырмақ / Reuters

АҚШ Өкілдер палатасы Украинаға қосымша 1,8 миллиард доллар көлемінде көмек бөлуді және Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуді көздейтін заң жобасын мақұлдады.

Заң жобасы бейсенбі күні 195 қарсы дауысқа 226 дауыспен қабылданды. Республикалық партияның 18 мүшесі демократтарды қолдады.

Құжатты Өкілдер палатасының Сыртқы істер комитетіндегі жетекші демократ Грегори Микс ұсынды.

Заң жобасын қолдаушылар оның Украинаға елеулі қолдау көрсететінін, сондай-ақ Ресейдің мұнай-газ секторына қатысты санкцияларды арттырып, Ресеймен жұмыс істейтін қаржы ұйымдарына қойылатын шектеулерді күшейтетінін айтты.

Құжат Сенаттың қарауына жіберілді. Қабылдануы үшін кемінде 60 сенатор қолдауы тиіс. Алайда заң жобасы Сенаттан өткен күннің өзінде оны АҚШ президенті Дональд Трамп мақұлдауы керек.

АҚШ Конгресіндегі екі партия өкілдерінің көбі Ресей–Украина соғысының алғашқы жылдары Киевке белсенді қолдау білдірген болатын. Алайда 2025 жылдың қаңтарында Дональд Трамп Ақ Үйге қайта оралғаннан бері оның республикашыл партиядағы жақын серіктестерінің бір бөлігі, соның ішінде Өкілдер палатасы мен Сенат басшылары Украинаға немқұрайлы ұстаным таныта бастады.

Трамп екінші президенттік мерзімі басталғалы бері санкцияларға қатысты шешімдердің тікелей Ақ Үйде қабылдануын қамтамасыз етіп келеді.

Украина Ресей президенті Владимир Путиннің талаптарымен келіспей бейбіт келіссөздерді тоқтатты.

АҚШ-та қабылданған Украинаны қолдау туралы заң елдің соғыстан кейін қалпына келуін қолдайтын шараларды қамтиды. Құжатта Украинаға 1 миллиард доллардан астам тікелей көмек көрсету және несиелер арқылы 8 миллиард долларға дейін қаражат бөлу қарастырылған.

Бұдан бөлек заң қаржы ұйымдарына, мұнай және тау-кен өндіру салаларына, сондай-ақ Ресейдің лауазымды тұлғаларына қатысты қатаң санкциялар мен экспорттық бақылау шараларын енгізуді көздейді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Зеленский: «Украина мен АҚШ ірі ұшқышсыз ұшақ келісімін қарастыруда»

Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?