ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Ресей Украинаға шабуылдады
Билік өкілдері өңірдің кейбір бөліктерінде электр қуатының өшкенін хабарлап, мамандар кең ауқымды залалды анықтап, шұғыл жөндеу жұмыстарын бастағанын мәлімдеді.
Ресей Украинаға шабуылдады
Ресей Украинаға шабуылдады / Reuters

Энергетикалық «DTEK» компаниясы Ресейдің Украинаның оңтүстігіндегі Қаратеңіз жағалауындағы Одесса облысында орналасқан энергетикалық нысанға жасаған шабуылы материалдық шығынға әкелгенін хабарлады.

Компания сейсенбі күнгі мәлімдемесінде «Залал өте ауқымды. Жабдықтарды қайта іске қосу үшін қажет жөндеу жұмыстары ұзақ уақыт алуы мүмкін», -  деді.

Аймақ губернаторы Олег Кипер бұған дейін кейбір елді мекендердің ішінара жарықсыз қалғанын айтқан. Ол «Telegram» желісіндегі жазбасында «Жау түнде Одесса облысының энергетикалық инфрақұрылымына тағы бір шабуыл жасады», - деді.

Кипердің сөзінше, маңызды инфрақұрылым нысандары генераторлар арқылы жұмысын жалғастырып жатыр және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Мәскеу қазан айынан бері Украинаның электр желісі мен басқа да энергетикалық инфрақұрылымдарына шабуылдарын күшейтті. Бұл қыстың қақаған суығында миллиондаған адамды жарықсыз, әрі жылусыз қалдырды. Одесса қаласы мен оның айналасы мұндай шабуылдардың нысанасына айналып отыр.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ресей Одесса мен Харьковты бомбалады
Іздеу
Түркия 2036 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер елдердің қатарында
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады
“ChatGPT” жасөспірімдер үшін қауіпті болуы мүмкін
ХАМАС Израильдің Камал Адван ауруханасына қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды
Оңтүстік Корея банктері жасанды интеллект көмегімен жасалған кибершабуылға ұшырады
Эль-Ниньо әлемде табиғи апат қаупін арттыруы мүмкін
Француз және жапон ғалымдар химия Нобель сыйлығын алды
Иран: «АҚШ-тың соғысты тоқтату ұсынысына араағайын елдер арқылы жауап беріледі»
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Халықаралық валюта қорының басшысы жаһандық экономикаға төнген қауіпті атады
Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты шұғыл шаралар қабылданды
Украинада адам шығыны артуда
Газа мен Батыс Шерияда 20 мыңнан астам оқушы қаза тапты
Ирак ұлттық валютасын девальвациялады