ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Түркияның отандық "DERİNGÖZ" суасты аппараты таныстырылады
“ASELSAN” компаниясы «тереңдіктің ұлттық көзі» деп сипаттаған “DERİNGÖZ” автономды суасты аппараты Гөлжүк су айдынында өз мүмкіндіктерін көрсетеді.
Түркияның отандық "DERİNGÖZ" суасты аппараты таныстырылады
"Deringöz" — "ASELSAN" компаниясы жобалаған және өндірген автономды суасты аппараты. / TRT Haber

Су астындағы әртүрлі міндетті орындауға арналған “DERİNGÖZ” минаға қарсы іс-қимыл, маңызды суасты инфрақұрылымдарын қорғау, суасты құбырларын бақылау, суасты барлау және порттарды қорғау міндеттерінде қолданыла алады.

Автономды түрде тапсырма орындау мүмкіндігімен ерекшеленетін жүйе су астындағы қауіпті әрі жетуі қиын аймақтарда адамның араласуын азайта отырып, барлау және бақылау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

“ASELSAN” әлеуметтік желідегі парақшасында: «Тереңдіктің ұлттық көзі — “ASELSAN DERİNGÖZ” автономды суасты аппараты Гөлжүк су айдынында. Оны көргісі келетін барлық келушілерді “TEKNOFEST Mavi Vatan”-ға шақырамыз», - деп жазды.

“DERİNGÖZ” аппаратын 20-23 тамыз аралығында Гөлжүк кеме жасау зауыты қолбасшылығында өтетін және TRT ақпараттық серіктесі болып табылатын “TEKNOFEST Mavi Vatan” аясында келушілер жақыннан көре алады.

Іздеу
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Иран Иорданиядағы АҚШ базасын нысанаға алды
Малайзияда тікұшақ апатынан  бес адам қаза тапты
Непал–Қытай шекарасындағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 400-ге жетті
ХАМАС Израильді Газа геноцидінің дәлелдерін жасыруға тырысты деп айыптайды
Жаңа Делиде көпқабатты ғимарат опырылып, бес адам қаза тапты
Израиль Ливанға соққы берді
Израильдің Газаға шабуылдары жалғасуда
Непал мен Қытайдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1300-ден асты
АҚШ әскері Тынық мұхитының шығысында есірткі тасымалдады деген күдікпен бір кемені батырды
Ресей Мәскеуге қарай ұшқан 37 дронның атып түсірілгенін мәлімдеді
Ресей: «Украинаның логистикалық орталықтары мен кемелеріне соққы жасадық»
Израиль күштері мен заңсыз қоныстанушылар екі палестиналықты өлтірді
АҚШ-тың Иранға жасаған соңғы шабуылдарынан кемінде 18 адамның қаза тапқаны хабарланды
Трамп Иранды келіссөз үстеліне отырғызуға тырысып жатыр деген айыптауларды теріске шығарды
Непал мен Қытайдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 130-ға жетті