ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
PKK террористік ұйымы Түркиядан толығымен шегінетінін мәлімдеді
PKK лаңкестік ұйымының мүшелері Анкараның «Терроризмнен азат Түркия» бастамасы аясындағы маңызды қадам ретінде Ирактың Сүлеймания қаласында мәлімдеме жасады.
PKK террористік ұйымы Түркиядан толығымен шегінетінін мәлімдеді
PKK террористік ұйымы Түркиядан толығымен шегінетінін мәлімдеді / Reuters

Жексенбі күні PKK лаңкестік ұйымы өзінің барлық бөлімшелерін Түркия аумағынан Солтүстік Иракқа әкеткенін хабарлады. Анкараның «Терроризмнен азат Түркия» бастамасында маңызды белеске қол жеткізілді.

PKK ұйымы Ирактың солтүстігіндегі Сүлейманияның Кандил аймағында жасаған мәлімдемесінде Түркия шекарасындағы барлық құрылымдарын кері қайтару туралы шешімді іске асырғанын хабарлады.

Мәлімдемеде қарулы ұйымның әрекеттерін тоқтату туралы шешімнің мамыр айында ұйымның түрмеде отырған басшысы Абдуллах Өжаланның нұсқаулары негізінде қабылданғаны атап өтілді.

ҚатыстыTRT Қазақ - PKK террорлық ұйымы қарусыздану туралы жариялады

Түркия аумағынан шыққан 23 PKK мүшесінің хабарландыру жасалған жерде болғаны айтылды.

Шілде айында ұйым мүшелерінің бір тобы қаруларын жойған болатын, ал бұл қадам Түркия тарапынан «қайтарылмайтын маңызды кезеңнің басталуы» деп бағаланған еді.

АҚШ пен Еуропалық Одақ тарапынан да террористік ұйым ретінде танылған PKK 1980 жылдардан бері Түркияда он мыңдаған адамның өліміне себеп болған ұзақ мерзімді террорлық науқан жүргізіп келді.

Биліктегі Әділет және даму партиясының төраға орынбасары Эфкан Ала соңғы мәлімдемелер мен қадамдарды «терроризмді толық жою жолындағы маңызды кезеңнің аяқталуы» деп сипаттап, «Жылдар бойы еліміздің аяғына тұсау болған лаңкестік толық жойылған кезде ғана жаңа дәуірдің есігі ашылады», - деді.

Партияның баспасөз хатшысы Өмер Челик те PKK-ның Түркия ішіндегі элементтерін, сондай-ақ Ирак пен Сириядағы қарулы және заңсыз құрылымдарын тарату және қару тастау үдерісін «Терроризмнен азат Түркия» жол картасының нақты нәтижесі деп атады.

Челик бұл бастаманы «демократияны барлық қауіп-қатерден арылту жолындағы стратегиялық әрі тарихи қадам» ретінде сипаттап, оны «лаңкестік ұйымдар арқылы орнатуға тырысқан отаршыл үстемдікке қарсы ұстаным» деп атады.

Сондай-ақ ол президент Режеп Тайып Ердоғанның жоғары мемлекеттік ерік-жігері мен Ұлттық ынтымақ, бауырластық және демократия комиссиясының жұмыстары арқасында бұл үдерістің оң нәтиже беріп жатқанын атап өтті. Челик Түркияның бұл үдерісті табандылықпен жүзеге асыратынын атап өтті.

Іздеу
Румыния Қаратеңізде қашықтықтан басқарылатын теңіз аппаратын жойды
НАТО Ресейдің Калининград облысына жақын жерде әуе жаттығуын өткізді
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион доллардан асты
Қырғызстан Қытайдың Қырғызстан азаматтарына виза рәсімін жеңілдету туралы шешімін құптады
Ұлыбритания Израильдің заңсыз қоныстарды кеңейту жоспарына қарсы шықты
Вьетнам алты қылмыс түрі үшін өлім жазасын алып тастауды жоспарлауда
Түркияның отандық "DERİNGÖZ" суасты аппараты таныстырылады
Украинада ұлттық аза тұту күні жарияланды
Иран Ислам революциясы сақшылары корпусы: «Жаңа соғыс басталса, одан да жойқын қару қолданамыз»
Иран: «АҚШ-тың «Экономикалық D-Day операциясы» — өз дағдарысын жасыру әрекеті»
Украина шекарасына жақын Румыния аумағына ұшқышсыз ұшу аппараты құлады
Барак Нетаньяхуды Түркиямен шиеленісті негізсіз ушықтырды деп сынады
Израиль бес жасар Хинд Раджабты өлтіргенін мойындады
Ресей мен Украина 103 әскери тұтқын айырбастады
Израиль Газадағы полиция бекетінде 9 адамды өлтірді