ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия «Madleen» көмек кемесіндегі азаматтарын жіті бақылауда ұстап отыр
Түрік азаматтарының жағдайы мұқият бақыланып, консулдық қолдау көрсетілуде.
Түркия «Madleen» көмек кемесіндегі азаматтарын жіті бақылауда ұстап отыр
/ Public domain

Дипломатиялық дереккөздер Израиль күштері тарапынан Газаға гуманитарлық көмек жеткізуге талпыныс кезінде тоқтатылған кемедегі түрік азаматтарының жағдайы мұқият бақылауда екенін және оларға консулдық қолдау көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.

Израиль күштері Газаға гуманитарлық жүк апармақ болған «Madleen» кемесін тоқтатқан, ал Түркия Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, кемедегі түрік азаматтарының жағдайы мұқият қадағалануда.

Қамауға алынған тұлғалар дүйсенбі күні түнде кемеден түсіріліп, кейін Түркияның Израильдегі елшілігі өкілдері олармен кездескен.

Сейсенбі күні жарияланған мәлімдемеде түрік азаматтарына барлық қажетті консулдық көмек көрсетілгені және олардың туыстарына бұл үдеріс туралы ақпарат берілгені атап өтілді.

Газаға гуманитарлық көмек жеткізуді және аймаққа қойылған блокаданы бұзуды көздеген соңғы миссия «Freedom Flotilla» атты үкіметтік емес ұйым тарапынан ұйымдастырылды. Осы аяда 18 метрлік кеме 1 маусымда Италияның Катания қаласындағы Сан-Джованни Ли Кути портынан Газаға бет алған болатын.

«Madleen» кемесінде болған белсенділер Израиль әскері тарапынан жасалуы мүмкін кез келген әрекетке бейбіт түрде жауап беретіндерін және қарсылық көрсетпейтіндерін алдын ала жариялаған еді.

Дүйсенбі күні Израиль әскері Газа аймағына қойылған блокаданы бұзуды көздеген «Madleen» кемесіне күшпен қарсылық көрсетті.

Кемеде әртүрлі елден белсенділер мен саясаткерлер болған. Олардың арасында Еуропарламент депутаты, француз азаматы Рима Хассан, Германия азаматы Ясемин Ажар, Түркиядан Хүсейін Шуайыб Орду, Бразилиядан Тияго Авила, Испаниядан Серхио Торибио, Нидерландыдан Марко ван Реннес, Франциядан Батист Андре, Рева Виар, Паскаль Муриерас және Янис Мхамди, Швециядан экобелсенді Грета Тунберг және журналист Омар Файад бар.

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды