ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия 55 орман өртін бақылауға алды
Ауыл және орман шаруашылығы министрі әуе және құрлық тобы ауа райы жағдайларымен күресіп жатқанын атап өтіп, қазан айына дейін орман өрті қаупі жоғары болатынын ескертті.
Түркия 55 орман өртін бақылауға алды
/ Anadolu Agency

Түркия Ауыл және орман шаруашылығы министрі Ибрахим Юмаклы өрт сөндірушілер салқындату жұмыстарын жалғастырып жатқанын айтып,  соңғы 24 сағат ішінде ел аумағында 55 орман өртінің толықтай бақылауға алынғанын мәлімдеді.

Сейсенбі күні журналистерге сөйлеген сөзінде Юмаклы соңғы өрт Түркияның солтүстік-батысында, Бурсаның Харманжык ауданында болғанын хабарлады.

«Барлығы 5 ұшақ, 30 тікұшақ және 855 техникамен өртті толығымен бақылауға алуды  жалғастырудамыз», - деді ол.

Юмаклы таңертеңгі қалың тұман мен түтіннің және түстен кейін қатты желдің өрт сөндіру жұмыстарына кедергі болғанын атап өтіп, «Бұл өртті бақылауға алуды ұзартты. Алайда ауа-райы жақсара салысымен біз әуеден әрекет етуді күшейттік. Қазірдің өзінде күндіз-түні жұмыс жүріп жатыр», - деді.

Юмаклы Бурсадағы жұмыстардың сәтті жүріп жатқанын және бүгін  жақсы жаңалық бөлісетіндерін мәлімдеді.

Сондай-ақ министр орман өрті қаупінің сейілмегеніне тоқталып, халықты абай болуға және өрт белгілерін байқайтын болса құзырлы органдарға хабарлауға шақырды.

Орман өрті қаупінің әлі де бар екенін мәлімдеген Юмаклы «2025 жылдың қазан айына дейін бақылауда боламыз»,- деді.

 

Іздеу
БҰҰ-ға мүше елдердің көшбасшылары 81-ші Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркте жиналады
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Кувейт пен Мысырдағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Түркия Әуе күштері Кипр аралының оңтүстігінде оқу-жаттығуын өткізді
Ұйқының сапасы маңызды ма, әлде ұзақтығы ма?
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы: «Ормуз бұғазында «MQ-1» үлгісіндегі дрон атып түсірілді»
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Трамп: "Мен бүкіл Иранды жарып жіберуім мүмкін"
Алепподағы әскери нысанда болған жарылыстардан 4 адам жарақат алды
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды
Чилидің бұрынғы президенті Бачелет БҰҰ Бас хатшылығы кандидаттығынан бас тартты
Президент Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйіне келгенде өзін күтіп тұрған халықпен кездесті
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты