ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Газадан 41 ауыр науқас эвакуацияланды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Газадан 41 ауыр науқасты эвакуациялады.
Газадан 41 ауыр науқас эвакуацияланды
Гуманитарлық әуе көпірі арқылы Газадан эвакуацияланған палестиналық балалар ем қабылдау үшін Италияның Чампино қаласына жеткізілді. / Reuters

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Газадан 41 ауыр науқасты эвакуациялады.
БҰҰ өкілдері Газадағы денсаулық сақтау жүйесінің күйрегенін, жалғасып жатқан Израиль шабуылдарының салдарынан әйелдер, жаңа туған сәбилер мен ауыр науқастар аштық пен өлім қаупіне тап болғанын мәлімдеді.

ДДСҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус “X” платформасында жариялаған мәлімдемесінде Газада шамамен 15 000 науқас эвакуацияны күтіп отырғанын айтып, «Медициналық эвакуацияның жеделдетілуі үшін елдерді ынтымақтастық танытуға және барлық жолдардың ашылуына шақыруды жалғастырамыз».

Эвакуацияланғандардың басым бөлігі — Израильдің Газадағы екі жылдық геноциді кезінде жарақат алғандар. Қалғандары — өңірдегі күйреген денсаулық сақтау жүйесі енді емдей алмай отырған қатерлі ісік пен жүрек ауруы сияқты созылмалы дерттерге шалдыққан адамдар.

Соғыс басталғалы бері Газадан 7 000-нан астам науқас эвакуацияланды, олардың жартысынан көбін Мысыр қабылдады. Алайда Израиль 2024 жылдың мамырында Рафах шекара өткелін бақылауға алғаннан кейін эвакуация қарқыны күрт баяулады.

Сонымен қатар БҰҰ Халық қоры Бас директорының орынбасары Эндрю Сабертон Газадағы әйелдер мен жаңа туған сәбилер аштық пен ана денсаулығына арналған қызметтердің толық күйрегенін атап өтті.

Баспасөз мәслихатында Сабертон: «Газада көргендеріме еш дайын емес едім, ешкім бұған дайын бола алмайды. Жойқын көріністер дистопиялық фильм түсіріліміне ұқсайды. Басқаша айту мүмкін емес. Газа жермен-жексен болған»,- деді.

Ол Газадағы ауруханалардың 94 пайызының зақымданғанын немесе жойылғанын, ана өлімінің күрт артқанын атап өтті.

«Шала туған және салмағы төмен сәбилер енді барлық жаңа туғандардың шамамен 70 пайызын құрайды, ал әр үш жүктіліктің бірі жоғары қауіп тобына жатады», - деді Сабертон.

Бітімнің үміт бергенін айтқан ол жаңадан басталған шабуылдар отбасыларға «қайтадан үрей салғанын» жеткізді.

Іздеу
Израильдіктер Батыс Шерияда мешіт пен көлікті өртеп жіберді
Сирияның Хама қаласында болған қарулы шабуылдан қауіпсіздік күштерінің 4 қызметкері қаза тапты
130-дан астам израильдік Әл-Ақса мешітіне басып кірді
Пәкістанда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, 5 адам қаза тапты
Норвегияда әскери жаттығу үшін жалға алынған көліктердің құпия ақпаратты жазып алғаны алға тартылды
Иран Сауд Арабиясы мен хоуситтер арасындағы дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
АҚШ күштері Оман шығанағында жүк кемесін тоқтатты
БҰҰ-ның жаһандық кедейлік индексі алғаш рет өсті: 1,2 миллиард адам - кедей
Солтүстік Корея Жапон теңізі бағытында көптеген баллистикалық зымыран ұшырды
Ирак ДАИШ террорлық ұйымының бекінісін жойды
Джибути жағалауындағы кеме апатынан 139 адам қаза тапты, 84 адам із-түзсіз жоғалып кетті
2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығы Нави Пиллайға берілді
АҚШ-та «Исайас» дауылына байланысты эвакуация жарияланды
Трамп әкімшілігі мигранттарды АҚШ-тан кемелермен депортациялауды қарастырып жатыр
Украина БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін шұғыл отырыс өткізуге шақырды
Мексикада түрмеде бүлік шығып, 10 адам қаза тапты
Газада толыққанды жұмыс істейтін бірде-бір аурухана қалмады
АҚШ-тың Иранмен соғыстағы әуе техникасы шығыны есептелді
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады
ХАМАС Израильдің Камал Адван ауруханасына қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды