ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия президенті Ердоған Папа Францисктың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жариялады
Шамамен 1,4 миллиард католик христианының рухани көшбасшысы болған Папа Франциск екіжақты өкпе қабынуы салдарынан өмірден өтті.
Түркия президенті Ердоған Папа Францисктың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жариялады
/ Reuters

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Папа Францисктың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жариялап, «Терең күйзеліспен қабылдадым», – деді.
Ердоған дүйсенбі күні “Х” платформасында жасаған мәлімдемесінде Католик әлемінің рухани жетекшісі, Ватикан мемлекетінің басшысы Папа Францисктың өмірден өткенін күйзеліспен қабылдадым», – деп жазды.

Ердоған Францисктың Газа мен Палестина мәселесі бойынша күш-жігерін атап өтіп, «Құрметті мемлекет қайраткері болған Папа Франциск әртүрлі діни топтар арасындағы диалогқа мән берген, әсіресе Палестина мәселесі мен Газадағы геноцидке қатысты және басқа да гуманитарлық апаттар кезінде белсенділік танытқан  рухани көшбасшы болды», – деді.
Президент сөзінің соңында «Папаның отбасына, Ватикан мемлекетіне және католик әлеміне өз атымнан және ұлтымның атынан көңіл айтып, қайғыға ортақтасамын», – деді.

«Адамзатқа ортақ құндылықтарды негізге алған көшбасшылықтың үлгісі»
Түркия вице-президенті Джевдет Йылмаз да Ватикан мен католик әлеміне көңіл айту жеделхатын жолдады.
Йылмаз: «Әлем ар-ожданына ауыр соққы болған көптеген гуманитарлық дағдарысқа қатысты ұстанған жанашыр көзқарасы, әсіресе Газадағы геноцид пен палестиналық халыққа жасалған әділетсіздіктерге қарсы білдірген ашық әрі табанды ұстанымы — адамзатқа ортақ құндылықтарды алдыңғы орынға қоятын көшбасшылықтың үлгісі ретінде жадымызда сақталады», – деді.

Марқұм Папа биыл ақпан айында бронхитке шалдығып, Римдегі ауруханаға жатқызылған еді. Кейінірек ауруы екіжақты өкпе қабынуына ұласқан.
38 күннен кейін ауруханадан шығарылған Папа Ватикандағы резиденциясында емін жалғастырды.
Ватикан дүйсенбі күні Папаның қайтыс болғанын ресми түрде жариялады.

Іздеу
Бішкектегі ШЫҰ Іскерлік форумында 150 миллион долларлық келісімге қол қойылды
АҚШ Түркияға реактивті қозғалтқыш сату үдерісін жеделдетуде
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы мен Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрайымы кездесті
Президент Ердоған: "Израильдің арандатушылығына қарамастан, аймақта бейбітшілік орнайды"
Сыртқы істер министрі Фидан ертең Канадаға аттанады
Түркияға қоныс аударғандардың саны 25,2 пайыз өсті
Польша президенті Түркиямен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті
Ресей түнде Украинаның 323 дронын атып түсіргенін хабарлады
Рубио Таяу Шығыс сапарын бастады
Түркия баскетбол құрамасы FIBA рейтингінде Еуропада көш бастап тұр
БҰҰ: «Суданда жыныстық зорлық-зомбылық  соғыс қаруы ретінде қолданылуда»
Оман мен Иран Ормуз бұғазы бойынша жұмыс тобын құрды
ЕО мен Қазақстан арасында маңызды келісімдерге қол қойылды
11 түрік кемесі Ормуз бұғазынан қауіпсіз өтті
Франция Иракты жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты