ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Ява аралында жанартау атқылады
Төтенше жағдай агенттігінің хабарлауынша жанартау атқылағаннан кейін шамамен 900 адам мектептер мен мешіттерге және ауылдың мәдениет ошақтарына орналастырылу үшін эвакуацияланған.
Ява аралында жанартау атқылады
Ява аралында жанартау атқылады / TRT Global

Ява аралында жанартау атқылағаннан кейін жүздеген индонезиялық уақытша баспаналарды паналауда.  Билік өкілдері жанартаудың баурайынан шамамен 190 адамды эвакуациялады.

Шығыс Явадағы Семеру тауы сәрсенбі күні түстен кейін атқылап, күл мен газды 13 шақырымнан астам қашықтыққа шашып жіберді. Билік ескертулерді күшейтті.

Индонезия геология агенттігінің мәліметінше, жанартау белсенділігі  басылса да, бейсенбі күні толқындар болған.

Төтенше жағдайлар агенттігінің өкілі Султан Сяфааттың айтуынша, атқылаудан кейін шамамен 900 адам мектептер мен мешіттерде және ауылдың мәдениет ошақтарында құрылған уақытша баспаналарға орналастырылған. «Олар психологиялық жарақат алғандықтан уақытша баспаналарда қалып жатыр»,-  деді өкіл.

Билік бейсенбі күні жанартау баурайынан шамамен 190 адамды эвакуациялады. Семеру ұлттық паркінің басшысы Рудиджанта Чахья Нуграха олардың көпшілігі атқылаудан кейін лагерь аумағында қалып қойған жаяу жүргіншілер болғанын мәлімдеді.

Семеру 2021 жылы болған жанартау атқылауы 50-ден астам адамның өліміне себеп болғанын және 5 000-нан аса үйге залал келгенін, шамамен 10 00-нан астам адам баспаналарға көшуге мәжбүр болғанын атап өтті.

Индонезия құрлық плиталары түйісетін, жанартаулық және сейсмикалық белсенділік айқын байқалатын Тынық мұхитының «Отты шеңберінің» үстінде орналасқан.

Оңтүстік-Шығыс Азия архипелагында шамамен 130 белсенді жанартау бар.

 

Іздеу
Афинада израильдік туристер наразылықпен қарсы алынды
Түркияның теміржол желісі кеңейді
THY Қытайдағы ұшу желісіне Чэнду қаласын қосады
Пәкістанда қарулы шабуылдан 3 полиция қызметкері қаза тапты
АҚШ Иранға қарсы блокаданы мерзімсіз жалғастыратынын мәлімдеді
Нетаньяху Ұлыбританияны «Ислам Республикасы» деп атады
Біріккен Араб Әмірліктерінің екі танкері Ормуз бұғазында шабуылға ұшырады
Иранның Трампқа қарсы қастандық жоспары туралы Израиль білдірген мәліметке CIA  күмән келтірді
НАТО жойғыш ұшақтары Латвия әуе кеңістігіне кірген дронды атып түсірді
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Түркия–Пәкістан–Сауд Арабиясы қорғаныс келісімі өңірлік тұрақтылықты арттырады
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерін алмасты
Пашинян Түркия және Әзербайжанмен электр энергиясы саудасын жүргізуге дайын екендерін мәлімдеді