САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Иран шетелге қоңырау шалуға рұқсат берді
Бақылаушы ұйымның есебіне сәйкес, Иранда 108 сағаттан бері интернет байланысы үзілген. Белсенділер бұл шара наразылықтарға қарсы қысымның ауқымын жасыруы мүмкін екенін айтып отыр.
Иран шетелге қоңырау шалуға рұқсат берді
Иран шетелге қоңырау шалуға рұқсат берді / Anadolu Agency
18 сағат бұрын

Иран сейсенбі күні кейбір шектеулерді жеңілдетіп, бірнеше күннен бері алғаш рет ұялы телефон арқылы шетелге қоңырау шалуға рұқсат берді. Ал мемлекетке қарсы қанды наразылықтарда қаза тапқандар саны кемінде 646 адамға жетті. Сондай-ақ интернетке қатысты шектеулер алынған жоқ және мессенджер қызметтерін қайта іске қосуға да рұқсат берілмеді.

Тегерандағы бірнеше тұрғын «Associated Press» агенттігіне берген сұхбатында ирандықтардың шетелге хабарласа алатынын, бірақ шетелден оларға хабарласа алмайтындарын айтты.

Аты-жөнін жасырын қалдыруды сұраған куәгерлердің айтуынша, SMS-хабарлама жүйесі әлі де жабық, ал Иран ішіндегі интернет қолданушылар мемлекет мақұлдаған сайттарға кіре алғанымен, елден тыс ешбір ресурстарға қол жеткізе алмай отыр. Бейсенбі күні түнде билік ел ішіндегі және сыртқы әлеммен байланысатын барлық коммуникацияны толық тоқтатқаннан кейін шектеулер жеңілдетіле ме, жоқ па әзірге белгісіз.

Интернеттің істен шығуы

Бақылаушы ұйым сейсенбі күні Иран билігі ел бойынша енгізген интернетті өшіру шарасы 108 сағаттан асқанын хабарлады. Белсенділер бұл шара наразылықтарға қарсы күш қолданудың ауқымын жасыру мақсатында жасалуы мүмкін деп алаңдап отыр.

«NetBlocks» ұйымы «X» желісіндегі соңғы жазбасында «Иранның бүкіл ел бойынша интернетті өшіріп, ирандықтарды әлемнен оқшаулағанына 108 сағаттан асты», - деп мәлімдеді.

Израиль жоғары дайындықта

Израиль армиясы Иранда жалғасып жатқан наразылықтарға байланысты тосын жағдайларға қарсы жоғары дайындықта қала беретінін, алайда нақты қауіп анықталмағандықтан азаматтарға арналған бұрынғы нұсқаулықтарда ешқандай өзгеріс енгізбегенін мәлімдеді.

Израильдің әскери өкілі, генерал Эффи Дефрин «X» желісінде «Ирандағы наразылықтар ˗ ішкі мәселе», - деп жазды.

Израиль жаз айларында Иранның ядролық нысандарына соққы беріп, салдарынан 12 күндік қақтығыс болған еді. Бұл қақтығыста шамамен 1 200 ирандық пен 30-ға жуық израильдік қаза тапты. Өткен апта Иран Израиль немесе АҚШ шабуыл жасай қалған жағдайда, Израильге қарсы соққы беретінін айтып, қоқан-лоққы көрсеткен.

Дүйсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен сауда жасайтын кез келген елге 25 пайыздық кедендік баж салығы енгізілетінін мәлімдеді. Трамп Иран билігі наразылықтарды басу үшін өлімге әкелетін күш қолданса, бұл елге шабуыл жасайтынын бірнеше рет атап өтті. Тегеранмен дипломатия мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін де білдірді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Трамп Иранмен сауда жасайтын елдерге 25% кедендік баж салығын енгізді
Іздеу
Иран АҚШ шабуыл жасаған жағдайда қарымта қайтаратынын мәлімдеді
Ирандағы шеру кезінде 100-ден астам қауіпсіздік қызметкері қаза тапты
Түркия Грекияда түрік азшылығының мектебіне жасалған шабуылды айыптады
Түркия мен Сирия басшылары Сириядағы жағдайды талқылады
Ресей шабуылынан Киевте төрт адам қаза тапты
Сирия Алеппода террор ұйымы YPG-ге қарсы арнайы операция бастады
Әзербайжан Арменияға екінші мұнай партиясын жеткізеді
Испания Палестинаға бітімгершілік күшін жіберуге дайын
Түркия: «Сирия армиясы YPG террор ұйымына қарсы операция жүргізуде»
Трамп АҚШ-тың қорғаныс бюджетін арттырмақ
Қаза тапқан венесуэлалық сарбаздар жерленді
Ресей Украинаның екі өңірін электр қуатынсыз қалдырды
Түркияның АҚШ-тағы елшісі АҚШ сенаторымен кездесті
Президент Ердоған Энвер Ибрахиммен кездесті
АҚШ шабуылдарынан кемінде 100 адам қаза тапты