ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-қа қатаң ескерту жасады
Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи АҚШ-тың соңғы әуе соққыларынан кейін еліне қарсы жасалған кез келген шабуылдың «жауапсыз қалмайтынын» мәлімдеді.
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-қа қатаң ескерту жасады
Аббас Аракчи АҚШ-тың соңғы әуе соққыларынан кейін еліне қарсы жасалған кез келген шабуылдың «жауапсыз қалмайтынын» мәлімдеді. / AA

Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи АҚШ-тың еліне қарсы жасаған соңғы шабуыл толқынына жауап ретінде Вашингтонға: «Қауіп-қатерден аулақ болғыңыз келсе, өңірімізден кетіңіздер», – деді.

Аракчи “X” әлеуметтік желісіндегі жазбасында: «Соғыс алаңындағы жеңілістеріне қарамастан АҚШ біздің табандылығымызды сынауды таңдады. Қуатты Қарулы күштеріміз ешбір шабуыл мен қауіпті жауапсыз қалдырмайды», – деп жазды.

Иранның бірнеше аймағында жарылыс болды

Аракчи сондай-ақ: «Парсы шығанағының тарихында өңірге рұқсатсыз келген шетелдіктердің қайғылы тағдыры туралы көптеген мысал бар», – деп ескертті.

Бұған дейін Иран бұқаралық ақпарат құралдары Хормозган провинциясының оңтүстігіндегі Кешм аралында, Сирик, Минаб және Джаск қалаларында жарылыс болғанын және бұл аймақтарға снаряд пен зымырандардың түскенін хабарлаған болатын. Сондай-ақ Бендер-Аббас, Кешм және Сирик қалаларында әуе қорғаныс жүйелерінің іске қосылғаны айтылды.

АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) бұған дейін АҚШ армиясына тиесілі “Apache” тікұшағының атып түсірілуіне жауап ретінде америкалық күштердің Иранға қарсы әуе шабуылдарын бастағанын хабарлаған еді.

ҚатыстыTRT Қазақ - АҚШ-тың «Apache» тікұшағы Ормуз бұғазы маңында апатқа ұшырады
Іздеу
АҚШ Грекияға әскери техника сатуды мақұлдады
Ресей Киевте екі адамды өлтірді
Иран АҚШ-қа Ормуз бұғазына байланысты ескерту жасады
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы соңғы бес аптадағы ең төменгі деңгейге түсті
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
ИЫҰ-ның әйел мәселесіне жауапты министрлері Пәкістанда басқосты
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Трамптан Иранға «шабуылдар үдеуі мүмкін» деген қоқан-лоқы
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Трамп Украинадағы соғыстың жуық арада шешілетініне үміт білдірді
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Ресейдің Новороссийск қаласында бензин таусылды
Францияда аптап ыстықтан қаза тапқандар саны артты
Пәкістанда автобус шатқалға құлап, ондаған адам қаза тапты
Пәкістанда екі үйдің шатыры опырылып, 4 адам қаза тапты