ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Анкарада
Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға жасаған ресми сапары аясында екіжақты қатынастарда жаңа стратегиялық мақсаттардың талқылануы күтілуде.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Анкарада
/ AA

Биыл Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 33 жыл толуына орай екі ел ынтымақтастығында жаңа кезең басталуда.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен келді.
Eкі мемлекет басшысы Анкарада Президенттік кешенде кездеседі.

Сонымен қатар мемлекет басшыларының төрағалығымен Түркия мен Қазақстан арасындағы Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 5-отырысы өтеді.

Кездесу барысында екі ел арасындағы «кеңейтілген стратегиялық әріптестіктің» қазіргі жағдайы мен оны одан әрі тереңдету жолдары қарастырылып, Түркия мен Қазақстан аумақтары арқылы өтетін Орта дәлізді дамыту, сондай-ақ энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, өзара сауда, ауыл шаруашылығы, медиа және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған жаңа мақсаттар айқындалады деп күтілуде.

Сондай-ақ екі ел делегациялары арасындағы келіссөздер барысында Түркия мен Қазақстан арасындағы қатынастардың шарттық-құқықтық негізін нығайтатын көптеген құжатқа қол қойылады деп күтілуде.

Өзара сауда

Қазіргі әлемдік геосаяси және геоэкономикалық дағдарыстарға қарамастан екі ел арасындағы тауар айналымы артуда.

Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты сауда көлемі 2024 жылы 5 миллиард долларды құрады. Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, осы жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында бұл көрсеткіш 1,9 миллиард доллардан асқан.

Түркия Қазақстанның ең ірі инвестициялық серіктестерінің бірі. 2005-2024 жылдар аралығында Түркия Қазақстан экономикасына 5,2 миллиард доллар инвестиция салды, елде 3538 түрік компаниясы жұмыс істейді. Бүгінге дейін Түркия мен Қазақстан арасында 78 бірлескен жоба жүзеге асырылды.

Түркия азаматтары Қазақстанда 90 күнге дейін визасыз жүре алады

Түркия-Қазақстан қарым-қатынастары білім және туризм салаларындағы ынтымақтастығымен де ерекшеленеді.

Қазір Түркияда 12 мыңнан астам қазақстандық жоғары білім алуда, 2024-2025 оқу жылында 300 қазақстандық студент Түркияның мемлекеттік грантын иеленді.

Түркия - Қазақстан азаматтары көп саяхаттайтын танымал елдердің бірі. Өткен жылы Түркияда демалған қазақстандық туристердің саны 863 мыңға, ал Түркиядан Қазақстанға барған туристердің саны 130 мыңға жеткен.

Қазақстан үкіметі екі ел арасындағы туристік және инвестициялық қарым-қатынасты жандандыру үшін түрік азаматтарының Қазақстанда визасыз жүру мерзімін 30 күннен 90 күнге ұзартты.

Іздеу
БҰҰ-ға мүше елдердің көшбасшылары 81-ші Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркте жиналады
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Кувейт пен Мысырдағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Түркия Әуе күштері Кипр аралының оңтүстігінде оқу-жаттығуын өткізді
Ұйқының сапасы маңызды ма, әлде ұзақтығы ма?
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы: «Ормуз бұғазында «MQ-1» үлгісіндегі дрон атып түсірілді»
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Трамп: "Мен бүкіл Иранды жарып жіберуім мүмкін"
Алепподағы әскери нысанда болған жарылыстардан 4 адам жарақат алды
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды
Чилидің бұрынғы президенті Бачелет БҰҰ Бас хатшылығы кандидаттығынан бас тартты
Президент Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйіне келгенде өзін күтіп тұрған халықпен кездесті
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты