ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Ұлттық барлау ұйымының басшысы Калын Анкарада ХАМАС делегациясымен кездесті
Ұлттық барлау ұйымының төрағасы Ибрахим Калын ХАМАС Шура мәжілісінің төрағасы Мұхаммед Дәруіш және ХАМАС Саяси бюросының мүшелерімен Газадағы атысты тоқтату келісімінің екінші кезеңіне қатысты кездесу өткізді.
Ұлттық барлау ұйымының басшысы Калын Анкарада ХАМАС делегациясымен кездесті
Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрахим Калын

Қауіпсіздік көздерінен алынған мәліметке қарағанда, Ұлттық барлау ұйымының төрағасы Ибрахим Калын Анкарада ХАМАС өкілдерімен бас қосып, жасалған келісімге байланысты жағдайды саралады.

Келіссөз барысында ХАМАС делегациясы атысты тоқтату ережелерін толық орындап отырғандарын білдіріп, Израиль тарапынан болып жатқан заң бұзушылықтар туралы Калынға мәлімет берді.

Израиль армиясының Құрбан айт мерекесі бойы Газа секторына жасаған шабуылдары кездесудің басты тақырыптарының қатарынан орын алса, кепілгер ел ретінде Түркияның Газада атысты тоқтату режимін іске асыру бағытындағы жұмыстары да тілге тиек етілді.

Сонымен қатар кездесуде Израильдің ереже бұзушылықтарына тосқауыл қою үшін басылатын қадамдар да талқыланды.

ХАМАС делегациясынан Президент Ердоғанға алғыс

Израильдің бүкіл аймақты нысанаға алған басқыншылық және тұрақсыздандыру саясатына қарсы тұру қажеттілігі баса айтылған бұл кездесуде «заңсыз әрі өз бетінше жасалған ешбір әрекетке» жол берілмейтіні ерекше атап өтілді.

Атысты тоқтатудың бірінші кезеңіне қатысты Израильдің өз міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету және келіссөз процесінің ілгерілеу барысы сараланған басқосуда Түркияның Газаға жеткізген гуманитарлық көмектері туралы да ақпарат берілді. Сондай-ақ аймаққа көбірек жәрдем кіргізуді қамтамасыз ету мақсатында өңір елдерімен және халықаралық ұйымдармен бірлесе атқарылып жатқан жұмыстар сөз болды.

ХАМАС делегациясы Түркияның Газада бейбітшілік орнату жолында жұмсаған күш-жігері үшін президент Режеп Тайып Ердоғанға алғысын жеткізді. Өз кезегінде Түркияның Газада тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін өз талпыныстарын бұдан былай да қарқынды түрде жалғастыра беретініне назар аударылды.

Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты