САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Трамп АҚШ-тың Иранда «ауқымды операция» бастағанын жариялады
Трамп Иранның зымыран әлеуеті мен әскери-теңіз флотын жоюды көздейтін шабуыл туралы хабарлай отырып, ықтимал шығын туралы ескертті және Иран күштерін берілуге шақырды.
Трамп АҚШ-тың Иранда «ауқымды  операция» бастағанын жариялады
Трамп АҚШ-тың Иранда «ауқымды операция» бастағанын жариялады / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың Иранда «ауқымды операция» бастағанын айтып, Америка тарапынан шығын болуы мүмкін екенін ескертті.

Трамп шабуылдардың мақсаты Иранның зымыран әлеуетін істен шығару және әскери-теңіз флотын жою екенін атап өтті. Бұл соққылар АҚШ пен Израильдің «егер Иран ядролық және баллистикалық зымыран бағдарламаларын жалғастыратын болса, қайтадан соққы беріледі» деген ескертулерінен кейін басталды.

Трамп “Truth Social” желісінде жариялаған бейнеүндеуінде «Мен бұл мәлімдемемді жеңіл қабылдамаңыз. Иран режимі адамдарды өлтіргісі келеді», — деді.

Сондай-ақ ол «Американың батыр қаһармандары қаза табуы мүмкін және соғыста жиі болатындай, біз шығынға ұшырауымыз ықтимал. Бірақ біз бұны бүгін үшін емес, болашақ үшін жасап жатырмыз және бұл маңызды миссия», — деп қосты.

Трамп Иран Қарулы күштері мен Ислам революциясының сақшылар корпусының мүшелерін қаруларын тастап, берілуге шақырды. Берілген жағдайда оларға тиіспеуге уәде берді. Трамптың айтуынша, бұдан басқа жалғыз таңдау — «сөзсіз өлім».

Вашингтон мен Тегеран соңғы апталарда Иранның ядролық мақсаттарына қатысты бірқатар келіссөздер жүргізген болатын. Тараптар арасындағы соңғы кездесу бейсенбі күні өтті, бірақ ешқандай келісімге қол жеткізілмеді.

Трамп: «Иран ондаған жыл бойы жасап келгеніндей, бұл жолы да бас тартты. Олар ядролық амбицияларынан бас тарту мүмкіндіктерінің бәрін кері итерді, енді біз бұған бұдан әрі төзе алмаймыз», — деп түйіндеді.

Іздеу
Хоуситтер Адендегі Сауд Арабиясының әскери лагеріне соққы жасалғанын мәлімдеді
Солтүстік Корея мен Ресей білім беру саласында ынтымақтастықты нығайтпақ
Түркия Қорғаныс министрі Гүлер катарлық әріптесімен кездесті
НАТО кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қаратеңізге қосымша күштер жібереді
Түркияның отандық технологиялармен жабдықталған жерсерігі орбитаға шықты
Францияда әскери ұшақ апатқа ұшырады
Нигерия астанасында Эбола вирусы анықталды
АҚШ-та 300 мыңнан астам визаның күші жойылды
Өңделген тағамдар ми денсаулығына кері әсер етуі мүмкін
Иран: “Байытылған уран ел аумағынан шығарылмайды”
Ливия Түркиямен жасалған теңіз меморандумын бекітті
Япраклы жайлауының күзгі көркі
Түркия мен Бельгия трансшекаралық қылмысқа қарсы күресті күшейтеді
Батыс Еуропада «Google»-дың бұлттық қызметінде техникалық ақау тіркелді
“TRT World Forum” 6-7 қараша күндері Стамбулда өтеді