ЭКОНОМИКА
2 ... минут оқылды
Мұнай бағасы төмендеуде
Мұнай бағасы жұма күні АҚШ президенті Дональд Трамп Ормуз бұғазының қайта ашылуына берген мерзімді тағы да кейінге шегергеннен кейін төмендеді. Алайда Ақ Үйдің қарама-қайшы мәлімдемелерінен соң акциялардың басым бөлігі құлдырады.
Мұнай бағасы төмендеуде
Ақ Үйден келіп жатқан қарама-қайшы ақпаратқа байланысты нарық тұрақсыз болып қалуда. [Мұрағаттық сурет] / Reuters
14 сағат бұрын

АҚШ президенті сенбі күні Иран 48 сағат ішінде стратегиялық маңызы бар бұғазды ашпаса, оның энергетикалық нысандарын жойып жіберетінін айтқан еді. Алайда кейін оң сипаттағы бейбіт келіссөздерге сілтеме жасап, бұл мерзімді бес күнге ұзартты. Ал Тегеран мұндай келіссөздердің жүріп жатқанын жоққа шығарды.

Трамп бейсенбі күні «Тегеранның өтініші бойынша шабуылдар 6 сәуірге дейін тоқтатылады» деп мәлімдеді. Алайда бұл мәлімдеме The Wall Street Journal басылымы Қорғаныс министрлігіндегі дереккөздерге сүйене отырып, Пентагонның Таяу Шығысқа 10 мыңға дейін қосымша құрлық әскерін жіберу мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлаған сәтте жасалды.

Трамп Truth Social желісінде «Келіссөздер жалған ақпарат тарататын БАҚ пен басқалардың теріс мәлімдемелеріне қарамастан жалғасып жатыр және өте жақсы өтуде», -деп жазды.

Иранның Tasnim агенттігі елдің Вашингтон соғысты тоқтату үшін ұсынған 15 тармақтан тұратын жоспарға жауабы «кеше түнде ресми түрде делдалдар арқылы жіберілгенін және енді қарсы тараптың жауабы күтіліп отырғанын» хабарлады.

Аты-жөні аталмаған шенеунікке сілтеме жасалған хабарда билік өкілдерінің АҚШ пен Израильді Иранға және өңірдегі Тегеран қолдайтын өзге топтарға қарсы шабуылдарын тоқтатуға шақырғаны айтылды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Таяу Шығыстағы соғыс мұнай жеткізіліміне ең ауыр соққы болды

Мұнай бағасы

Қақтығыс күтілгеннен әлдеқайда ұзаққа созылуы мүмкін деген алаңдаушылық күшейген тұста жұма күні мұнай бағасы бір пайыздан астам төмендеді. Дегенмен бұл алдыңғы күнгі өсімді тек ішінара ғана қайтарды.

Brent мұнай маркасы 28 ақпанда соғыс басталғалы бері шамамен 50 пайызға жуық қымбаттаса, West Texas Intermediate (WTI) шамамен 40 пайызға өсті.

National Australia Bank өкілі Рэй Эттрилл: «АҚШ пен Иран арасында шын мәнінде бейбіт келіссөздер жүріп жатыр ма?’ деген мәселе әлі белгісіз қалып отыр. Иран достық ниеттегі делдал арқылы (ол Пәкістан болуы мүмкін деп болжануда) хат алмасудың өзін келіссөз деп санауға болмайтынын айтып отыр», - деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Мұнай бағасы артты
Іздеу