САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Түркия Израильдің Батыс Шериядағы қадамдарын айыптады
Министрлік Израиль шешімдерінің халықаралық құқықты бұзатынын және бейбітшілікке бағытталған күш-жігерге зиян келтіретінін мәлімдеді.
Түркия Израильдің  Батыс Шериядағы қадамдарын айыптады
Түркия Израильдің Батыс Шериядағы қадамдарын айыптады / AA


Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігі басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль әрекеттерін айыптап, соңғы шешімдер екі мемлекет негізіндегі шешім мүмкіндігін әлсіретуі мүмкін екенін ескертті.

Бейсенбі күні министрліктің апталық баспасөз мәслихатында сөйлеген баспасөз хатшысы Зеки Актүрк Газза бейбітшілік жоспарының екінші кезеңіне өтсе де, Израильдің атысты тоқтату режимін бұзуды жалғастырып жатқанын сынға алды.

Израиль Қауіпсіздік кабинеті басып алынған Батыс Шериядағы құқықтық және азаматтық құрылымды өзгертіп, Израиль бақылауын күшейтуді көздейтін шараларды мақұлдағаннан кейін халықаралық деңгейде айыптауларға ұшырады. Көптеген көшбасшы мұны басып алынған Палестина аумақтарын іс жүзінде аннексиялауға бағытталған қадам деп бағалады.

Актүрк Газзадағы шабуылдардан кейін Израильдің басып алынған Батыс Шерияға жаңа құқықтық және әкімшілік мәртебе енгізуге бағытталған шешімдерін Анкара да айыптайтынын білдірді.

Мұндай шаралар халықаралық құқықтың айқын бұзылуы екенін атап өткен Актүрк олардың келіссөздер арқылы шешім табуға бағытталған жалғасып жатқан күш-жігерге зиян келтіру қаупі бар екенін баса айтты.

Актүрк: «1967 жылғы шекараларға негізделген, астанасы Шығыс Иерусалим болатын тәуелсіз әрі егемен мемлекетті құру жолындағы Палестина халқының күш-жігерін қолдауды жалғастыратынымызды тағы да атап өтеміз», — деді.

Іздеу
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр
“Microsoft 365” қызметіндегі ақау әлі жойылған жоқ
Ресей мен Ауғанстан астық және энергетикалық жабдықтар жеткізу жөнінде келісімге келді
Бейбітшілік келіссөздерінің келесі кезеңі Еуропаның қатысуымен өтпек
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
«АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранға қайта шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертті»
ЕО: «Біздің қауіпсіздігіміз Украинаның қауіпсіздігіне тікелей байланысты екені анық»
АҚШ президенті Трамптың арнайы өкілдері Ресей президенті Путинмен кездесті
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті