САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Иран мен АҚШ ядролық келіссөздерінің келесі кезеңі сенбі күні Римде өтеді
Ирандық билік өкілдері жұма күні 2015 жылғы ядролық келісімнің қатысушылары Ұлыбритания, Франция және Германия өкілдерімен де кездеседі.
Иран мен АҚШ ядролық келіссөздерінің келесі кезеңі сенбі күні Римде өтеді
/ AP
30 Сәуір 2025

Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи «Иран жұма күні Римде Ұлыбритания, Франция және Германиямен ядролық келіссөздер өткізеді», - деп мәлімдеді. Бұл келіссөздердің мақсаты – Тегеран мен Вашингтон арасындағы маңызды ядролық келіссөздер кезінде шиеленіскен қарым-қатынастарды жақсарту.

Жоспарланған кездесу Иран мен АҚШ арасындағы демалыс күндері Италияда өтетін ядролық келіссөздердің төртінші кезеңі қарсаңында болады.

«Менің ойымша үш еуропалық мемлекет ұстанған бұрыс саясатының кесірінен (ядролық құжаттағы) рөлдерінен айрылып қалды. Әрине біз мұны қаламаймыз және олармен Римде кездесуге дайынбыз», – деді Аракчи мемлекеттік БАҚ-қа.

«Reuters» агенттігінің кешегі хабарына қарағанда Тегеран әкімшілігі АҚШ президенті Дональд Трамптың алғашқы президенттік мерзімі кезінде шығып кеткен 2015 жылғы Иран ядролық келісімінің «Е3» деп аталатын қатысушылары Еуропа елдерімен кездесу өткізуді ұсынды.

Еуропалық үштіктің (E3) билік өкілдері жұма күні Иранмен кездесетінін растады. Трамп Иран жаңа ядролық келісімге келмесе, оған шабуыл жасайтынын айтқан болатын. АҚШ келісімнен шыққаннан кейін Иран 2015 жылғы келісімге сәйкес ядролық бағдарламасына қойылған шектеулерді едәуір арттырды. Еуропа елдері де Вашингтон сияқты Иран атом бомбасын жасауға ұмтылуы мүмкін деп алаңдауда.

Иран өз бағдарламасының бейбіт мақсатта екенін алға тартады. 2015 жылғы келісімді бекіткен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарары қазан айында аяқталады. Франция Сыртқы істер министрі сейсенбі күні келіссөздер сәтсіз аяқталса, халықаралық санкцияларды қайта енгізуге дайын екенін мәлімдеді.

«Бұл санкциялар Иранның технологияға, инвестицияларға және Еуропа нарығына қол жеткізуін біржола жабады, бұл ел экономикасына ауыр соққы береді», - деп мәлімдеді Жан-Ноэль Баррот. Иранның БҰҰ-дағы өкілі «Егер Франция мен оның серіктестері шын мәнінде дипломатиялық шешім іздесе, қорқытуды тоқтатуы керек», - деп жауап берді.

Сейсенбі күні АҚШ Қаржы министрлігі Иранның Ислам революциялық сақшылар корпусы үшін баллистикалық зымыран отынының құрамдас бөліктерін сатып алумен айналысатын Иран мен Қытайда орналасқан желіге жаңа санкциялар енгізді.

Аракчи АҚШ-тың келіссөздер кезінде салған санкцияларының «қате хабар» екенін айтты.

Трамп Иранның ядролық бомба жасау жолына тосқауыл болатын жаңа келісімге қол жеткізе алатынына сенімді екенін атап өтті.

Іздеу
Еуропалық Одақ энергия бағасын бірлесе реттеу қажеттігін мәлімдеді
Иран АҚШ-ты келіссөздерді бұзды деп айыптады
Пәкістан Израильді айыптады
Иран келісімнің негізгі баптары бейбіт келіссөздерге дейін бұзылғанын хабарлады
АҚШ армиясы «нақты келісім» толық орындалғанға дейін Иран және оның айналасынан кетпейді
Израиль оппозициясы Нетаньяхудың ісі «саяси және стратегиялық сәтсіздік» деді
Иран: “АҚШ 10 тармақтан тұратын бейбітшілік ұсынысын «принципті түрде» қабылдады”
АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісті, келіссөздер Исламабадта өтеді
"Пәкістанның Таяу Шығыстағы бейбітшілік келіссөзіндегі рөлі "маңызды" кезеңге жақындап келеді"
Франция Иранның инфрақұрылымына жасалатын шабуылдар туралы АҚШ-қа ескерту жасады
АҚШ сенаторлары: “Трамптың Иранға бағытталған қоқан-лоққылары соғыс қылмысына тең”
Араб елдері израильдік министрдің Әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Антониу Кошта: «АҚШ пен Израильдің Иранның азаматтық инфрақұрылымына жасаған шабуылдары заңсыз»
АҚШ пен Иран 45 күндік бітімді талқылауда
АҚШ пен Израиль Тегеранға шабуылдады
АҚШ пен Израиль шабуылдарынан 25-тен астам адам қаза тапты
Дональд Трамп: «АҚШ әскері Иранда қалған нысандарды әлі жойған жоқ»
Президент Трамп Иранға қысымды күшейтті
Иран мен АҚШ–Израиль шабуылдары жалғасуда
Ормуз бұғазы қозғалысын басқару үшін хаттама жобасы әзірленді