ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Президент Ердоған Ирак премьер-министрі Әли әз-Зейдиді қабылдады
«Түркия мен Ирак билігі Синжарда мемлекеттік билікті толық орнату және тыйым салынған шетелдік қарулы топтардың қызметін тоқтату жөнінде уағдаласты»
Президент Ердоған Ирак премьер-министрі Әли әз-Зейдиді қабылдады
Президент Ердоған Ирак премьер-министрі әз-Зейдимен кездесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Ирак премьер-министрі Әли әз-Зейдиді қабылдап, тараптар қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты тереңдету жөнінде келісімге келді.

Түркия президенті аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы президент Ердоған Нью-Йоркте Ирак премьер-министрі Зейдиді қабылдағаннан кейін Түркия–Ирак бірлескен баспасөз мәлімдемесін жариялады.

Мәлімдемеге сәйкес, Түркия мен Ирак өкілдері екі ел арасындағы стратегиялық қарым-қатынастардың барлық қырын талқылап, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге уағдаласты. Осы аяда Синжарда мемлекеттік билікті толық орнату және тыйым салынған шетелдік қарулы құрылымдардың қызметін тоқтату жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Ирактың қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында қол жеткізген ілгерілеуін ескере отырып, Түркия күштері Башика–Зилкан базасын кезең-кезеңімен Ирактың Федералдық үкіметіне тапсырады.

Тараптар сондай-ақ екіжақты сауда мен инвестиция көлемін арттыру, қол қойылған келісімдерді дереу іске асыру және ең алдымен «Даму жолы» жобасын қоса алғанда, ортақ стратегиялық жобаларды жеделдету жөнінде ортақ пікірге келді.

Іздеу
Йеменде стратегиялық Кирфан тауы үкімет күштерінің бақылауына өтті
"Иран АҚШ-қа Ормуз бұғазына қатысты ұсыныс жасады"
Түркия мен АҚШ  ядролық энергетика саласында жаңа келісімге қол қойды
Косово премьер-министрі президент Ердоғанға алғыс айтты
БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысу үшін АҚШ-қа баратын Нетаньяху сапарын бір күндік етіп жоспарлады
Суданда алтын базарына шабуыл: 5 адам қаза тапты
«Түрік әскери-теңіз күштерінің қуаты Израильді жаңа сүңгуір қайық сатып алуға мәжбүрлеп отыр»
Ирак премьер-министрі мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы кездесті
Франция Украинаға әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
АҚШ өкілі: «Түркия мен АҚШ арасындағы «S-400» мәселесі шешіледі»
Түркі әлемі композиторлар одағы құрылды
Түркияның Жалған ақпаратпен күрес орталығы Угандаға қатысты мәлімдеменің жалған екенін хабарлады
Ақ Үй 'Трамп ТВ' арнасын іске қосты
Түркия Нью-Йоркте COP31 мақсаттарын таныстырды
160-тан астам спортшы Ирландия-Израиль матчын бойкоттауға шақырды