Ұшқышсыз отандық ұшақ сынақта F-16 ұшағына дәл соққы тигізді
Сынақ барысында "Bayraktar Kızılelma" "ASELSAN" әзірлеген "MURAD AESA" радарын пайдаланып, 48,2 шақырым қашықтықта F-16 нысанасын анықтап, нысанаға әл тиді.
Түркияның ұшқышсыз шабуылдаушы ұшағы “Kızılelma” маңызды межеге жетті: жергілікті мүмкіндіктермен жетілдірілген “MURAD AESA” радарын пайдаланып F-16 нысанасына жетті және имитациялық атыспен дәл тигізген.
“Baykar” компаниясының бейсенбі күнгі мәлімдемесіне қарағанда, компанияның өз ресурстарымен әзірленген “Bayraktar Kızılelma” майдан алаңында өз тиімділігін дәлелдейтін маңызды қадамдардың бірінен сәтті өтті.
Көзге көрінбейтін отандық ұшақ Чорлудағы сынақ орталығынан көтеріліп, орташа биіктігі 4 572 метрде бір сағат 45 минут ұшты; бұл уақытта ол F-16 ұшақтарымен ұшты және ұлттық радар мен оғытқыш қарулардың интеграциясын тексерді.
Бұл рейс “Kızılelma” ұшағының сынақтардағы жалпы ұшу уақытын 55 сағаттан асырды.
Түрік әуе күштеріне тиесілі екі F-16 жауынгерлік ұшағы да “Bayraktar Kızılelma” ұшағының сынағына қатысты.