ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
“TEKNOFEST"-ке келушілер Түркияның «Болат күмбез» әуе қорғаныс жүйесін тамашалауда
Қорғаныс, авиация және әскери техникалар келушілерді таңғалдырды.
“TEKNOFEST"-ке келушілер Түркияның «Болат күмбез» әуе қорғаныс жүйесін тамашалауда
/ AA

Түрік қорғаныс компаниясы “ASELSAN”Стамбулдағы “TEKNOFEST” фестивалінде «Болат күмбез» тәжірибе алаңын құрып, келушілерге әуе қауіптеріне қарсы жүйенің қалай жұмыс істейтінін тамашалау мүмкіндігін ұсынып отыр.

Бес күнге созылатын технология және авиация фестивалі “TEKNOFEST” сәрсенбі күні Стамбулда басталды. Іс-шараны Түркия технология командасы (T3) қоры мен Түркияның Индустрия және технология министрлігі ұйымдастыруда.

Фестиваль аясында технологиялық жарыстардан бастап әуе көрсетілімдеріне дейін көптеген іс-шара өтуде. Сондай-ақ «Болат күмбез» әуе қорғаныс жүйесінің әртүрлі құрамдас бөліктері де көрмеге қойылған. Заманауи технологиялар арқылы «Болат күмбездің» құрамдас бөліктерінің қауіпке қарсы қалай төтеп беретіні көрсетілді.

Түрік компаниясы “TF6000”-ді сынақтан өткізді

“TUSAŞ” Қозғалтқыш Өндірісі ЖШС (TEI) толықтай отандық турбожелдеткіш қозғалтқышы “TF6000”-ды сынақтан өткізді.

“TUSAŞ” Қозғалтқыш Өндірісі ЖШС-ның бас директоры Махмут Акшит бұл қозғалтқыштың Түркияның “Anka 3” сияқты ұшқышсыз әуе аппараттары үшін жасалғанын атап өтті. Сондай-ақ Акшит 10.000 фунт (lbf) немесе одан да жоғары тарту күшіне ие “TF10000” қозғалтқышының Түркияның “Kızılelma”сияқты үлкен ұшақтарында қолданылатынын мәлімдеді.

Іздеу
Пәкістан Ауғанстанға әуеден соққы берді
Рейханлыдағы шабуылға қатысы бар Өмер әл-Хатип ұсталды
«TEKNOFEST» жалғасуда
ЖИ адамға түсініксіз тіл қолданып, алаңдаушылық туғызып отыр
Түркия мен Әзербайжан 500 миллион доллар көлеміндегі келісімшарттарға қол қойды
Сирияда шағын автобусқа жасалған шабуылдан 7 адам қаза тапты
«TEKNOFEST» фестивалі басталды
АҚШ армиясын Ирактан шығару үдерісін аяқтағанын хабарлады
Шанлыурфада «TEKNOFEST» фестивалі өтіп жатыр
АҚШ президенті Трамп Иранның түптің түбінде берілуге мәжбүр болатынын мәлімдеді
«Türk Telekom» бас директоры Шахин: «Отандық ұялы телефон Малатияда өндіріледі»
БҰҰ Бас хатшысы Мьянмадағы шабуылды қатаң айыптады
Қазақстан мен Германия 30-дан астам коммерциялық келісімге қол қойды
“Грекия Израильден алған зымыран жүйелерін аралдарға орналастырды”
Түркия мен Сауд Арабиясы дипломатиялық және арнайы паспорт иелерін визадан босатады