ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
2 ... минут оқылды
“Ғылыми фантастикадағы ғарыш айлағы” Луизинада бой көтермек
Бұл нысан “Starship” қатысатын миссияларды кеңейтуде негізгі рөл атқарады.
“Ғылыми фантастикадағы ғарыш айлағы” Луизинада бой көтермек
"SpaceX" президенті және бас операциялық директоры Гвинн Шотвелл Луизианада ғарыш айлағын салу туралы келісімді жариялау іс-шарасында сөз сөйлеуде.. / AP

Билік өкілдері SpaceX” компаниясының АҚШ-тың Луизиана штатында «әлемдегі ең ірі ғарыш айлағына» айналады деп жоспарланып отырған нысанды тұрғызуға 100 миллиард доллар инвестиция салатынын мәлімдеді.

Луизиана Экономикалық даму агенттігінің сейсенбі күнгі мәлімдемесіне сәйкес, нысан Вермилионда бой көтеріп, жылына мыңдаған ұшыруды қамтамасыз етуге бейімделеді.

Жоба алдағы 10 жыл ішінде 3 000 тікелей жұмыс орнын ашып, орташа жылдық жалақы 92 600 долларды құрайды деп болжануда.

Сонымен қатар 8 100-ден астам жанама жұмыс орны ашылып, жалпы жұмыспен қамту мүмкіндіктерінің саны 11 100-ден аспақ.

«Бүгін — Луизиана үшін аса маңызды күн», - деді губернатор Джефф Лэндри. Ол бұл жоба штатты ғарыштық ұшулардың жаңа дәуірінің орталығына айналдыратынын атап өтті.

Бұл нысан SpaceX”  компаниясының төртінші әрі ең ірі ұшыру орталығы болады және компанияның толықтай қайта пайдалануға болатын жаңа буын зымыран жүйесі — “Starship” қатысатын миссияларды кеңейтуде негізгі рөл атқарады.

Толық қуатына шыққан кезде нысанда әрқайсысы екі ұшыру алаңы мен зымыран отынына арналған алаңнан тұратын бес ұшыру кешені болады деп жоспарланып отыр.

Құрылыс 2027 жылы басталады деп жоспарлануда

Жоспарда сондай-ақ зымыран отынын өндіретін кәсіпорын, энергия өндіру инфрақұрылымы, ғарыш аппараттарын дайындау нысандары және қызметкерлер мен олардың отбасыларына арналған тұрғын үйлер қарастырылған.

«Біз осы уақытқа дейін тек ғылыми-фантастикалық шығармаларда ғана болған ғарыш айлағын тұрғызуға дайындалып жатырмыз», - деді SpaceX” компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Илон Маск.

Маск “Starbase Louisiana” деп аталатын нысан ғарыш сапарларын әуе қатынасы секілді қалыпты әрі жүйелі құбылысқа айналдыру мақсатына қызмет ететінін айтты.

Құрылыс жұмыстары 2027 жылы басталып, алғашқы ұшыру 2029 жылға жоспарланып отырғаны хабарланды.

Луизиана билігінің мәлімдеуінше, таңдалған аумақта табиғи газ қоры мол, болашақта кеңеюге жеткілікті жер бар және Мексика шығанағы жағалауындағы ұшыру бағыттарына шығуға мүмкіндік мол.

Нысан орбиталық деректер орталықтарын, кеңейтілген спутниктік интернет байланысын, сондай-ақ болашақтағы Ай мен Марсқа ұшатын миссияларды қолдайды деп болжануда.

Жергілікті салық органдарымен жасалған келісімге сәйкес, SpaceX” Вермилионға 25 жыл бойы жыл сайын 25 миллион доллар төлейді. Бұған қоса біржолғы 20 миллион доллар төлем жасалады. Осы келісім аясында тікелей төлемдер көлемі 820 миллион доллардан аспақ.

Компания сондай-ақ Acadiana Community Foundation” қорына 25 миллион доллар қайырымдылық жасап, талаптарға сай келетін Вермилион тұрғындарына “Starlink” интернет тарифтеріне 50 пайыздық жеңілдік ұсынады.

Іздеу
Түркия Арктикадағы климат пен экожүйе өзгерістерін зерттеуде
Қытайдың ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: "Long March 7A" зымыранында ақау шықты
“Meta” балаларға келтірілген зиянға байланысты АҚШ-та жаңа сот ісіне тап болды
Әлеуметтік тұзақ: 5 әйел «Үлкен бестікке қарсы»
Ғалымдар адам миының жұмысын модельдейтін жаңа чип әзірледі
Тарихта алғаш рет: Жасанды интеллект бақылаудан шығып, кибершабуыл ұйымдастырды
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Түркиядағы интернет қозғалысының 40 пайыздан астамын "YouTube" құрайды
Индонезияда “TikTok” пен “YouTube” балаларға тиесілі 4,7 миллион аккаунтты жапты
Түркия өз навигация жүйесін құруда
Түркия мен Испанияның қорғаныс компаниялары келісімге қол қойды
«ASELSAN» жаңа экспорттық келісімшартқа қол қойды
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Балалардың әлеуметтік желілерге тәуелділігінен туындайтын залалдың құнын кім төлейді?
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
«ASELSAN» мен Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы жаңа келісімге қол қойды
Жаңа ғарыш жарысы басталды
"NASA" Марстың сирек кездесетін суреттерін жариялады
Ғалымдар коронавирус пен тұмау сияқты вирустарды дыбыс толқындарымен жойды