ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
«Стратегиялық әріптестік шешіміміздің арқасында алдағы кезеңде энергетика, сауда, көлік және қорғаныс өнеркәсібі сияқты көптеген салада жаңа жобаларды жүзеге асыруды мақсат етеміз».
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі

Президент Режеп Тайып Ердоған Канадамен бірге басылатын қадамдар арқылы қазіргі уақытта шамамен 3 миллиард доллар төңірегіндегі сауда айналымын алдымен 5 миллиард долларға, ал кейіннен 10 миллиард долларға жеткізуді үміт ететіндерін айтты.

Ердоған Президенттік кешенде Канада премьер-министрі Марк Карнимен оңаша кездесіп, делегациялар арасындағы келіссөзге төрағалық еткеннен және екі ел арасындағы 3 келісімге қол қойылғаннан кейін ұйымдастырылған бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.

Екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі сапарлардың тұрақты болуын үміт ететінін білдірген Ердоған Карнимен бүгінгі кездесуде екіжақты қарым-қатынастарды жан-жақты бағалап, аймақтық және жаһандық мәселелерге де тоқталу мүмкіндігіне ие болғандарын айтты.

Ердоған сөзін былай жалғастырды: «Бұл сапардың ең нақты нәтижелерінің бірі күмәнсіз Канадамен қарым-қатынастарымызды стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеру туралы шешіміміз болды. Стратегиялық әріптестік шешіміміз арқылы алдағы кезеңде энергетика, сауда, көлік және қорғаныс өнеркәсібі сияқты көптеген салада жаңа жобаларды жүзеге асыруды мақсат етеміз. Осы бағытта басатын нақты қадамдарымызды қамтитын іс-қимыл жоспарын да бүгін қабылдадық. Ең алдымен сауда мен инвестицияларды арттыруды қамтамасыз ету үшін Еркін сауда келісімі бойынша келіссөздерді жыл аяғына дейін бастауды шештік. Осы үдеріске параллельді түрде экономика саласындағы қарым-қатынастарымызды барлық қырынан қарастыру үшін Бірлескен экономикалық және сауда комитетін қамтитын қолданыстағы механизмдерді одан да тиімді пайдаланамыз. Осы комитеттің кезекті жиынын 2027 жылы бұл жолы жеке секторымыздың да қатысуымен ұйымдастырамыз. Басылатын осы қадамдар арқылы қазіргі уақытта шамамен 3 миллиард доллар төңірегіндегі сауда айналымымызды алдымен 5 миллиардқа, ал кейіннен 10 миллиард долларға жеткізуді үміт етеміз».

Канадамен қорғаныс өнеркәсібі мен ядролық энергетика салаларында тығыз байланыста екендерін білдірген Ердоған қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығының маңыздылығын түсінетін екі одақтас екендерін атап өтті.

Карнимен Газа, Украина және Парсы шығанағы сияқты көптеген аймақтық оқиғаны да сараптағандарын айтқан Ердоған: «Украинада да, Парсы шығанағында да дипломатиялық әдістердің тұрақты бейбітшілікке апаратын жолды ашуын үміт етеміз. Бұл тұрғыда ортақ пікірде екенімізді растадық. Ал Газада Канаданың кейбір басқа одақтастармен бірге басып алушы қоныстарға бағытталған санкциялық қадамдарын Израиль үкіметінің бұзушылықтарын тоқтату тұрғысынан орынды қадам деп есептейміз. Аймағымызда бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату тұрғысынан бұл бағыттағы ұстанымдарын жалғастыруын үміт етеміз», — деді.

«Премьер-министр Карнимен қарым-қатынастарымыздың болашағына бағытталған тарихи қадам бастық»

Ердоған өзінің мәлімдемесінде былай деді: «Шынымен де ұзақ жылдарға созылған Түркия-Канада арасындағы алшақтықты бүгін жойдық. Енді Түркия мен Канада арасында жаңа кезеңді бастаймыз. Бұйырса, кәсіпкерлеріміздің басын қосамыз және мен де Канадаға алғашқы сапарымда кәсіпкерлерімізді бір арнаға тоғыстырып, қадамдарымызды басамыз».

Іздеу
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді