Түр жандармериясының құрамасы Испанияда 40 елдің өкілдері қатысқан Полиция және өрт сөндіру қызметкерлерінің ойындарында 60 алтын, 27 күміс және 14 қола медаль жеңіп алып, барлығы 101 жүлдеге ие болды.
2026 жылдың 9–18 қазан аралығында Испанияның Виго қаласында өткен XI Еуропа полициясы және өрт сөндіру қызметкерлерінің ойындарына Түркия жандармериясының құрамасынан 16 спортшы қатысты.
40 елдің өкілдері бақ сынаған жарыста түрік жандармериясының спортшылары нысана көздеу, жүзу, акватлон, жеңіл атлетика, спорттық бағдарлау, қол күрес, күрес, дзюдо, кикбоксинг және бокс сияқты 10 спорт түрінен жүлделі орындарға ие болды.
Құрама сапындағы 16 спортшының барлығы медаль жеңіп алды.
Атап айтқанда жүзу құрамасы 29, жеңіл атлетика құрамасы 27, спорттық бағдарлау құрамасы 17, нысананы көздеу құрамасы 16, ал кикбоксинг пен күрес құрамалары әрқайсысы 6 медальдан иеленді.























