САЯСАТ
2 ... минут оқылды
“Бейбітшілік кеңесі Газамен шектелмеуі мүмкін”
АҚШ президенті Дональд Трамп пен жоғары лауазымды дипломат Марко Рубио Кеңестің мандаты Палестина аумақтарымен шектелмей, «басқа да күрделі әрі қиын жағдайлар үшін үлгі бола алатынын» меңзеді.
“Бейбітшілік кеңесі Газамен шектелмеуі мүмкін”
Трамп АҚШ-тың Кеңеске 10 миллиард доллар көлемінде үлес қосатынын білдірді. / AP

Бейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп Газаны қайта қалпына келтіру мен тұрақтандыру мәселелері талқыланған Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысын өткізді. Отырыс барысында 17 миллиард доллардан асатын қаржылық міндеттемелер жиналды. Осы жиында Трамп пен АҚШ-тың бас дипломаты Марко Рубио Кеңестің өкілеттігі Палестина аумақтарынан тысқа да таралатынын аңғартты.

Бейбітшілік кеңесінің «стратегиялық көзқарасын» таныстырған Рубио 45-тен астам елдің басшылары мен өкілдеріне Газадағы жағдайдың «қазіргі құрылымдар аясында шешуге тым күрделі» екенін айтты.

АҚШ дипломаты Бейбітшілік кеңесі халықаралық қақтығыстарда делдалдық жасау үшін кең ауқымды платформаға айнала алады деп үміттенетінін білдіріп,
«Бұл кеңес өзге де күрделі әрі қиын жағдайлар үшін үлгі болады деп үміттенемін, сонда олар да дәл осылай шешілуі мүмкін. Алайда қазір басты назар Газада», - деді.

2026 жылы қаңтарда құрылған Бейбітшілік кеңесі бастапқыда 2025 жылы Израиль мен ХАМАС арасында жасалған атысты тоқтату келісімінен кейін Газадағы бейбітшілік жоспары мен қайта қалпына келтіру жұмыстарын бақылаумен байланысты болды. Алайда Израиль атысты тоқтату режимін бұзуды жалғастырып келеді. Соған қарамастан Кеңестің жарғысы тек Газамен шектелмей, әлемнің әртүрлі қақтығыс аймақтарында тұрақтылық пен ұзақ мерзімді бейбітшілікті ілгерілетуге мүмкіндік беретін кеңірек мандатты көздейді.

«Мұны басқа жерлерде де жасаймыз»

Кеңес құрамына «беделді тұлғалардың» қатысуын құптайтынын айтқан Трамп Газаны «табысты» әрі «бейбіт» аймаққа айналдыруға уәде беріп, бұл үлгінің өзге өңірлерде де қолданылатынын мәлімдеді. Ол сондай-ақ екінші президенттік мерзімінің алғашқы жылында «сегіз соғысты шештім, алда тоғызыншысы» деді.

«Кейбір соғыстар 32 жылға созылды. 32, 34, тіпті 37 жыл. Бұл өте ұзақ уақыт. Біз олардың әрқайсысын шамамен екі күнде аяқтадық», - деді Трамп.

Трамптың бір жылда «сегіз соғысты» шештік деген мәлімдемесі толық бітім, келісімдер және әлі де жалғасып жатқан дауларды қамтиды. Ол жиі атайтын тізімге Армения–Әзербайжан, Конго Демократиялық Республикасы–Руанда, Израиль–Иран, Үндістан–Пәкістан, Таиланд–Камбоджа, Израиль–ХАМАС және Сербия–Косово қақтығыстары кіреді.

АҚШ президенті Бейбітшілік кеңесін ең ықпалды құрылымдардың бірі деп атап, «қуаты мен беделі жағынан оған тең келері болған емес» деді. Сонымен қатар Трамп іс-шара барысында БҰҰ-ға қатысты кейбір бұрынғы сындарын жұмсартып, БҰҰ инфрақұрылымын жаңартуға қаржы бөлуге уәде берді. Ол Бейбітшілік кеңесін БҰҰ-ның «үстінде тұрған» қадағалаушы орган ретінде сипаттап, оның дұрыс жұмыс істеуін, жақсырақ нысандарға ие болуын және қажетті қаржыландыруды алуын қамтамасыз ететінін айтты: «Біз Біріккен Ұлттар Ұйымын күшейтеміз. Оның нысандарының лайықты екеніне көз жеткіземіз… қаржылай қолдау көрсетеміз және БҰҰ-ның өміршең болуын қамтамасыз етеміз. Менің ойымша, Біріккен Ұлттар Ұйымының әлеуеті зор, шынымен де өте зор. Бірақ ол әлі сол әлеуетіне жеткен жоқ».

ҚатыстыTRT Қазақ - Трамп Газа бойынша Бейбітшілік кеңесі құрылғанын айтты
Іздеу
Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі жиналады
Түркия волейбол құрамасы FIVB Ұлттар лигасында Франциямен кездеседі
"Түркия болмаса, Трамп келмейтін еді"
Ұлттық құрама Сан-Хоседе жаттығу өткізді
Ресей Киевке шабуыл жасады
Израильдік министр Түркия-Катар-Пәкістан ынтымақтастығы туралы мәлімдеді
Президент Ердоған елшілердің сенім грамоталарын қабылдады
Лос-Анджелесте Әлем кубогының қызығы: "Turkish Vibe Zone" есігін ашты!
Иран баспасөзі: “АҚШ-пен қол жеткізілген келісім мәтіні қол қойылғаннан кейін жарияланады”
Түркияның Ұлттық барлау ұйымы ДАИШ жетекшілерінің бірін ұстады
Трамп: «Иранмен ауқымды келісім жасалды»
Президент Ердоған Испания Конституциялық соты төрағасының орынбасары Уэртасты қабылдады
Министр Юмаклы: «Түркияны көгалдандыруды жалғастырамыз»
Президент Ердоған патриарх Варфоломейді қабылдады
Түркия Әлем кубогындағы үмітін жандандыру үшін Парагвайды жеңуді көздейді