ТҮРКИЯ
3 ... минут оқылды
Хакан Фидан Финляндияда
Хакан Фидан Финляндия парламентінде Түркия мен Финляндия арасындағы ынтымақтастық тақырыбында сөз сөйлейді.
Хакан Фидан Финляндияда
Хакан Фидан Финляндияда / AA

Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан сейсенбі күні Финляндияға ресми сапармен барды. Бұл сапар аясында ол Финляндия Сыртқы істер министрі Элина Валтоненмен кездеспек.

Түрік дипломатиялық дереккөздерінің хабарлауынша, Фидан Солтүстік Еуропа еліне екі күндік сапары барысында бірқатар маңызды кездесу өткізуі жоспарланып отыр. Министр мамыр айында Анталияда өткен бейресми НАТО Сыртқы істер министрлері кездесуінде қонақ еткен Валтоненмен қайта жүздеседі, сондай-ақ Финляндия парламентінің төрағасы Юсси Халла-ахомен де кездесу өткізеді.

Фидан сапар кезінде Финляндия парламентінде өтетін «Түркия-Финляндия ынтымақтастығы» атты іс-шарада сөз сөйлейді. Сонымен қатар министрдің Финляндияда тұратын татар қауымдастығының өкілдерімен кездесуі де жоспарланған. Татарлар Финляндияда өмір сүретін түркі тектес этникалық топ.

Фиданның келіссөздерінде әсіресе сауда, инвестиция және қорғаныс өнеркәсібі салаларында өзара тиімді әріптестікті тереңдету мен кеңейтудің маңыздылығына назар аудармақ. Ол Анкараның Хельсинкимен ақпараттық технологиялар, киберқауіпсіздік, қаржылық технологиялар және жаңартылатын энергия бағыттарында ынтымақтастықты арттыруға дайын екенін мәлімдейді.

Министр Арктика аймағындағы бірлескен бастамалар екіжақты қатынастарға жаңа серпін бере алатынын атап өтпек және Финляндиядағы түрік азаматтары мен татар қауымдастығы екі ел арасындағы берік гуманитарлық байланыстардың символы екенін айтпақ.

Фидан Финляндияның Түркияның ЕО-ға мүше болу үдерісіне көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтып, Кеден одағын жаңғырту мен визалық еркіндік диалогында ілгерілеуге қатысты Анкараның үміттерін жеткізеді деп күтілуде.

Министр сондай-ақ Түркия мен Финляндияның көпжақты платформаларда жаһандық бейбітшілік жолындағы ортақ күш-жігерін жалғастыруының маңыздылығын атап өтпек. Ол БҰҰ және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы шеңберінде екі ел тең төрағалық ететін  Делдалдықты қолдаушылар тобының рөлін жоғары бағалайды.

Фидан Түркияның НАТО-дағы жаңа одақтасы Финляндияның Еуропа-Атлантика қауіпсіздігіне маңызды үлес қосатынына сенетінін айтып, Анкараның одақ ішінде толық қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдейді.

Сыртқы істер министрі Түркияның әскери әлеуеті мен стратегиялық орнын ескере отырып, елдің Еуропаның қауіпсіздік архитектурасында маңызды рөл атқаратынын да баса айтады.

Фидан Ресей-Украина соғысында әділ әрі тұрақты бейбітшілік орнатуға бағытталған халықаралық дипломатиялық бастамаларда жеңілдетуші рөл атқаруға дайын екенін тағы да қайталайды.

Сондай-ақ ол Газа секторында атысты тоқтату режимін сақтау мен гуманитарлық көмекті үздіксіз жеткізудің аса маңызды екенін айтып, аймақтағы гуманитарлық жағдайды жақсарту және Газаны қайта қалпына келтіру бағытындағы халықаралық күш-жігерді жеделдету қажет екенін мәлімдейді.

Түркия мен Финляндия арасындағы дипломатиялық қатынастар 1924 жылы Достық шартына қол қою арқылы орнаған. Екі ел 2010 жылы БҰҰ аясында «Бейбітшілік үшін делдалдық» бастамасын бірлесіп іске қосты.

Өткен жылы екі ел арасындағы сауда айналымы шамамен 1,8 миллиард долларға жетті. 2024 жылы 123 мыңға жуық финляндиялық турист Түркияға келген.

Финляндия 2023 жылы НАТО-ға мүше болып, Түркияның ресми одақтасына айналды. Бұл ел - Ресеймен ең ұзын шекарасы бар НАТО мемлекеті (1 300 км).

2024 жылы Финляндия президенті Александр Стубб Түркияға ресми сапармен келген болатын. Түркия Сыртқы істер министрлігінің деректеріне сүйенсек, Финляндиядағы шамамен 18 мың адамнан тұратын түрік қауымдастығы  - екі ел арасындағы қатынастардың маңызды бөлігі.

Іздеу
Оңтүстік Корея Солтүстік Корея мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастықты мұқият бақылауда
Теледидар алдында ұзақ уақыт отыру ми көлемінің кішіреюіне әкеледі
“CENTCOM қолбасшысы Трампқа Ормуздағы шабуылдарды тоқтатуды ұсынған”
АҚШ-тағы тағам фестивалінде болған қарулы шабуылдан 2 адам қаза тапты
Триполиде наразылық акциялары өтті
Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы екінші рет чемпион атанды
Ресей шабуылынан Киев облысында 6 адам қаза тапты
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
Иран президенті Ирак премьер-министрімен кездесті
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Ресей Украинадағы үш портқа шабуыл жасағанын хабарлады
Биыл Батыс Шерияда израильдіктердің шабуылдарынан 86 палестиналық қаза тапты
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады