САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Қытай Президенті ЕО-ны маңызды саммитте «сенім орнатуға» және «стратегиялық таңдау жасауға» шақырды
Күні бойы жалғасатын маңызды саммитте сауда қақтығыстарынан бастап Ресей–Украина соғысына дейін бірқатар шиеленісті тақырып күн тәртібінде болады деп күтілуде.
Қытай Президенті ЕО-ны маңызды саммитте «сенім орнатуға» және «стратегиялық таңдау жасауға» шақырды
/ AP

Мемлекеттік “CCTV” телеарнасының хабарлауынша, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин бейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Еуропалық Одақтың «дұрыс стратегиялық таңдау жасауы» қажет екенін айтып, жаһандық белгісіздік жағдайында ЕО басшыларын «сенім мен өзара байланысты нығайтуға» шақырды.

Пекиндегі Халық Ұлы Жиналысы сарайында басталған 25-ші Қытай–ЕО саммитінің ашылуында сөйлеген сөзінде Си Цзиньпин Қытай мен Еуропа лидерлері халықтың үмітін ақтауы керек екенін атап өтті.

Қытай басшысы Си Цзиньпин Премьер-министр Ли Цянмен бірге Еуропа Комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен және Еуропалық Кеңестің төрағасы Антониу Коштамен кездесті.

Си фон дер Ляйен мен Коштаға: «Халықаралық жағдай қаншалықты күрделі әрі қиын болса, Қытай мен Еуропалық Одақ арасындағы байланыс соншалықты нығаюы тиіс; өзара сенім артып, ынтымақтастық тереңдеуі керек», - деді.

«Өзара тиімді ынтымақтастық»

Күн тәртібінде сауда теңсіздігі, нарыққа қолжетімділік және сирек кездесетін жер элементтері секілді мәселелер де бар.

Еуропа Комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен бұл саммитті «қатынастарымызды әрі қарай ілгерілетуге және қайта теңестіруге мүмкіндік» деп бағалады.

Саммитке аз уақыт қалғанда фон дер Ляйен “X” желісіндегі парақшасында: «Өзара тиімді ынтымақтастықтың мүмкін екеніне сенемін», - деп жазды.

Бұл саммит Қытай мен Еуропалық Одақ арасындағы дипломатиялық қатынастардың 50 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Қытай мен ЕО арасындағы жылдық сауда көлемі 860 миллиард доллардан асады.

Іздеу
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды
Министр Фидан: «Израильдің басқыншылық саясаты тоқтатылмаса, дағдарыс бүкіл әлемге таралады»
Индонезия Израильден атысты тоқтатуды талап етті
Израиль басып алынған Батыс Шериядағы босқын лагеріне рейд жүргізді
Сирия Сыртқы істер министрі Шайбани Түркияға келеді
Түркияда халықтың интернетті пайдалану көрсеткіші  ̶  92,3 пайыз
Ресей Киевке ауқымды шабуыл жасады
Ресей: «НАТО мен Еуропалық одақ халықаралық терроризмнің бір бөлігіне айналды»
Ресей Киев облысында 14 адамды өлтірді
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Анкарада Ливия өкілдерімен кездесті
Украина президенті Зеленский Ресейге қарсы жаңа операцияларға рұқсат бергенін мәлімдеді
"Wildberries" 2027 жылы Қазақстанда 260 мың шаршы метрлік жаңа қойма алаңын ашуды жоспарлап отыр
Түркия Қаратеңізде шабуылға ұшыраған кемелердегі Түркия азаматтарының жағдайын жіті бақылап отыр