САЯСАТ
1 ... минут оқылды
АҚШ ДАИШ тұтқындарын Сириядан Иракқа көшіруде
АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы Сириядан Ирактың бақылауындағы нысандарға түпкілікті түрде шамамен 7 мыңға жуық ДАИШ тұтқынын көшіруі мүмкін екенін мәлімдеді.
АҚШ ДАИШ тұтқындарын Сириядан Иракқа көшіруде
АҚШ ДАИШ тұтқындарын Сириядан Иракқа көшіруде / Reuters

АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы («CENTCOM») лаңкестердің күзетілетін қамау орындарында қалуын қамтамасыз ету мақсатында Сирияның солтүстік-шығысындағы ДАИШ тұтқындарын Иракқа көшіру жөніндегі миссияны бастағанын хабарлады.

Сәрсенбі күні жасалған мәлімдемеде миссияның АҚШ күштері Хасеке уәлаятының солтүстік-шығысындағы қамау орталығында отырған 150 ДАИШ лаңкесін Ирактағы қауіпсіз орынға сәтті жеткізгеннен кейін басталғаны айтылды. Мәлімдемеде «Сириядан Ирактың бақылауындағы нысандарға 7 мыңға жуық ДАИШ тұтқыны көшірілуі мүмкін», - делінді.

«CENTCOM» қолбасшысы адмирал Брэд Купер АҚШ-тың Иракпен қатар өңірлік серіктестермен тығыз жұмыс істеп жатқанын және олардың ДАИШ-ты түбегейлі жеңіліске ұшыратудағы рөлін жоғары бағалайтынын айтты. Купердің сөзінше, ДАИШ тұтқындарын тәртіппен, әрі қауіпсіз түрде көшіруге жағдай жасау – қашып кету қаупінің алдын алу тұрғысынан да, АҚШ пен өңір қауіпсіздігі үшін қауіпті болдырмау үшін де өте маңызды.

Бірнеше күн бұрын АҚШ-тың Түркиядағы елшісі Том Баррак Вашингтонның Сириядағы басымдықтары енді келісімді қолдау, ұлттық бірлік пен тұрақтылықты ілгерілетуге бағытталғанын мәлімдеген болатын. Баррак АҚШ-тың бөлінуді қолдамайтынын айтып, «Вашингтон бөлінуді немесе федерализмді мақұлдамайды, келісімді қолдау және ұлттық бірлікті ілгерілетуді қалайды», - деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - ДАИШ-тің 81 тұтқыны қайта қолға түсті
Іздеу
Хоуситтер Адендегі Сауд Арабиясының әскери лагеріне соққы жасалғанын мәлімдеді
Солтүстік Корея мен Ресей білім беру саласында ынтымақтастықты нығайтпақ
Түркия Қорғаныс министрі Гүлер катарлық әріптесімен кездесті
НАТО кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қаратеңізге қосымша күштер жібереді
Түркияның отандық технологиялармен жабдықталған жерсерігі орбитаға шықты
Францияда әскери ұшақ апатқа ұшырады
Нигерия астанасында Эбола вирусы анықталды
АҚШ-та 300 мыңнан астам визаның күші жойылды
Өңделген тағамдар ми денсаулығына кері әсер етуі мүмкін
Иран: “Байытылған уран ел аумағынан шығарылмайды”
Ливия Түркиямен жасалған теңіз меморандумын бекітті
Япраклы жайлауының күзгі көркі
Түркия мен Бельгия трансшекаралық қылмысқа қарсы күресті күшейтеді
Батыс Еуропада «Google»-дың бұлттық қызметінде техникалық ақау тіркелді
“TRT World Forum” 6-7 қараша күндері Стамбулда өтеді