ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Трамп екі жаңа әскери кеме салу жоспарын жариялады
АҚШ президенті бұл кемелер осы уақытқа дейін салынған ең ірі әрі ең қуатты әскери кемелер болатынын айтты.
Трамп екі жаңа әскери кеме салу жоспарын жариялады
Трамптың айтуынша, кемелердің су ығыстыруы 30 000-нан 40 000 тоннаға дейін немесе одан да көп болады. / AP

Дүйсенбі күні Флорида штатында Қорғаныс министрі Пит Хегсет пен Әскери-теңіз күштері министрі Джон Феланмен бірге журналистер алдында сөйлеген Трамп:

«Біз осы уақытқа дейін салған ең үлкен, мүлде жаңа екі әскери кемені мақұлдағанымды хабарлау — мен үшін үлкен мәртебе», - деді.

Трамптың айтуынша, бұл кемелер қазіргі кезге дейін салынған кез келген әскери кемеден 100 есе жылдам, сонымен қатар әлдеқайда ірі және әлдеқайда қуатты болады.

Президенттің айтуынша, кемелердің салмағы 30 000–40 000 тонна немесе одан да көп болуы мүмкін.

«Бұл жаңа, салмағы 30–40 мың тоннадан асатын кемелер толық дайын болған кезде Америка флотындағы флагман кемелерге айналады. Бұрын мұндай нәрсе ешқашан салынған емес. Олар ең өлімшіл суүсті соғыс кемелерінің қатарына кіреді», - деді Трамп.
Ол сондай-ақ бұл кемелердің гипердыбыстық қарулармен жабдықталатынын және ядролық оқтұмсықтары бар теңізден ұшырылатын қанатты зымырандарды алып жүретінін атап өтті.

«Біз Американы кеме жасайтын держава ретінде қайта жандандырамыз. АҚШ-тың әлемнің кез келген жеріндегі ең қуатты флотқа ие болуын қамтамасыз етеміз», - деді Трамп.

Іздеу
Бельгияда бомба туралы хабарламаға байланысты 1700 оқушы эвакуацияланды
Конго Демократиялық Республикасында Эбола індетінен 3 982 адам қаза тапты
Францияда лицей оқушыларының наразылығына байланысты 1793 адам қамауға алынды
Пәкістан Ауғанстанға әуеден соққы берді
Сирияда шағын автобусқа жасалған шабуылдан 7 адам қаза тапты
АҚШ армиясын Ирактан шығару үдерісін аяқтағанын хабарлады
БҰҰ Бас хатшысы Мьянмадағы шабуылды қатаң айыптады
“Грекия Израильден алған зымыран жүйелерін аралдарға орналастырды”
Словакияда мектепке шабуыл жасалды
Токиода толассыз жауын-шашын рекорд жаңартты
Сирияда табиғи газ құбырында өрт шықты
Иран әуе қатынасына қойылған шектеулерге шағым түсірді
Нигерияда кеншілерге шабуыл жасалды
Ресей мен Украина дрон шабуылдары үшін бір-бірін айыптады
Непал су тасқынынан кейін әлемге үндеу жасады
Польшадағы шабуылдан дін қызметкері көз жұмды
Украинада 50-ден астам азаматтық нысан зақымданды
286 күндік миссия: АҚШ теңізшілерінің психикалық жағдайы алаңдатты
Жапонияда тайфуннан қаза тапқандар саны артты
Йеменде стратегиялық Кирфан тауы үкімет күштерінің бақылауына өтті