ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
2 ... минут оқылды
«Nvidia» компаниясының бас директоры жасанды интеллект жарысында Қытайдың жеңетінін айтты
«Nvidia» компаниясының бас директоры Дженсен Хуангтың айтуынша, Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбритания сияқты батыс елдері жасанды интеллектке қатысты күмәннің салдарынан артта қалып отыр.
«Nvidia» компаниясының бас директоры жасанды интеллект жарысында Қытайдың жеңетінін айтты
«Nvidia» компаниясының бас директоры Дженсен Хуанг / Reuters

«Nvidia» компаниясының бас директоры Дженсен Хуанг Қытайдың келесі буын жасанды интеллект әзірлеу жарысында жеңетінін айтып, Вашингтонды бұл бағыттағы күш-жігерін жеделдетуге шақырды.

АҚШ-та орналасқан жартылай өткізгіш алпауыты «Nvidia» компаниясының басшысы «Financial Times» басылымына берген сұхбатында Бейжіңнің энергия субсидиялары жасанды интеллект технологиясын қолдайтын жоғары деңгейлі жартылай өткізгіштерді өндіруді арттырғанын айтты.

Британдық басылымның хабарлауынша, Хуанг сәрсенбі күні Лондонда өткен іс-шарада: «Қытай жасанды интеллект жарысын жеңіп шығады», -  деген.

Сонымен қатар Хуанг «X» платформасында жариялаған мәлімдемесінде: «Бұрын айтқанымдай Қытай жасанды интеллект саласында Америкадан небәрі бірнеше наносекунд ғана артта»,- деп жазды.

Хуанг: «Америка үшін бұл жарыста жеңіске жетудің басты жолы - әлемнің түкпір-түкпіріндегі әзірлеушілерді өз жағына тартып, жетекші болу», - деді.

Калифорнияда орналасқан «Nvidia» өткен апта әлемдегі алғашқы 5 триллион долларлық компанияға айналған болатын. Алайда содан бері оның нарықтық құны шамамен 4,7 триллион долларға төмендеді.

Қазіргі уақытта «Nvidia»-ның генеративті жасанды интеллект жүйелерін іске қосу үшін қолданылатын жоғары деңгейлі чиптер АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздікке қатысты шектеулері мен Қытай үкіметінің тыйымдары салдарынан Қытайда сатылмайды.

Жасанды интеллектке қатысты күмән

Ақ Үй осы аптаның басында «Nvidia» компаниясының озық «Blackwell» үлгісіндегі чипін Қытайда сатуға рұқсат беру мәселесіне әлі де ниетті емес екенін мәлімдеді.
АҚШ бұл тыйымның себебі ретінде Қытайдың әскери артықшылыққа ие болу қаупін алға тартты.

Дженсен Хуанг Вашингтонға бірнеше рет «Nvidia» чиптерінің экспорттық шектеулерін жеңілдету туралы үндеу жасаған болатын. Оның айтуынша, мұндай саясат түптеп келгенде Қытайдың өз технологиясын дамытуына септігін тигізеді.

Хуанг сәрсенбі күні «Financial Times» басылымына берген сұхбатында, АҚШ штаттарында жасанды интеллектке қатысты енгізіліп жатқан жаңа ережелерді сынап, Қытайда үкімет технологияны қолдау мақсатында электр энергиясын субсидиялап отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар ол: «АҚШ пен Ұлыбритания сияқты батыс елдері жасанды интеллектке күмәнмен қарағандықтан артта қалып отыр» - деді.

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды