Маңғыстау облысы Түріксой ұйымына ағаш үй тарту етті
Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксойдың Анкарадағы штаб-пәтерінде «Ақтау–2025 Түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында маңызды іс-шара өткізілді.
Маңғыстау облысы Түріксой ұйымына ағаш үй тарту етті
Маңғыстау облысы Түріксой ұйымына ағаш үй тарту етті / TRT

 Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы (Түріксой) «Ақтау–2025 Түркі әлемінің мәдени астанасы» бағдарламасы аясында ауқымды мәдени іс-шараға ұйытқы болды.

Аталған іс-шаралар шеңберінде «Каспийдің інжу-маржаны – Қазақ ағаш үйінің» салтанатты беташары  өткізілді.

Жеті қанат ағаш үйдің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сәпиев, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев, Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, Маңғыстау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Нұртас Сали, Түріксой Бас хатшысы Сұлтан Раев және Бас хатшының орынбасары Сайт Юсуф қатысты. Іс-шараға сондай-ақ Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрінің орынбасары доктор Сердар Чам, Әділет және даму  партиясы төрағасының орынбасары, профессор Күршат Зорлу және Анкара губернаторы Васип Шахин және басқа да көптеген қонақ келді. Тарихи күнге тең осы беташардан Қырғызстан, Өзбекстан және Әзербайжан сынды түркі елдерінің Түркиядағы өкілетті елшілері де қалыс қалмады.

Салтанатты шараның беташарында Түріксой Бас хатшысы Сұлтан Раев 2025 жылы Ақтауда жүздеген мың адамды қабылдаған іс-шараларға тоқталды. Ол "Ақтау - Каспий теңізінің інжу-маржаны және түркі әлемінің мәдени тоғысқан жеріне айналған Түркі әлемінің мәдени астанасы атағын сәтті атқарды. Осынау мағыналы жылдың белгісі ретінде ұсынылған бұл ағаш үй бірлігіміз бен ынтымағымыздың ең көне нышандарының бірі болмақ" деді.

Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов «Түріксой ұйымына қазақ елінің ағаш үйін тарту етіп отырмыз. Кезінде тұлпарының тұяғы әлемнің төрт бұрышын басқан түркінің ұрпақтары осындай үйде өмірлерін өткізді.  Бұл кездейсоқтық емес.  Ағаш үйдің өз философиясы бар.  Бұл - елдік пен ерліктің, қажыр қайраттың, ақыл мен парасаттың, мейірімнің,  отбасындағы жылулықтың символы» деді. Байпақов «Сонымен бірге түркі елдерінің достығына, ауызбірлігіне аянбай қызмет етіп келе жатқан Түріксой ұйымының төрінде бірліктің символы осы ағаш үйдің тұруы – заңдылық» деп атап өтті.

Қазақстан Республикасының Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сәпиев өз кезегінде «Ақтаудағы Түркі әлемі мәдени астанасы жылының ашылу салтанатына 150 мыңға жуық адам қатысты. Бұл шын мәнінде рекордтық көрсеткіш, бұл - Ақтау үшін ерекше мақтаныш. Біз мұны қатты мақтан тұтамыз және қуанамыз. Ақтау қаласы осынау маңызды міндетті абыройға лайық деңгейде қолға алып, жоғары деңгейде сәтті жүзеге асырды. Түріксойдың Бас хатшысы Сұлтан Раев мырза айтқандай, бүгінге дейін Ақтауда 30-дан астам іс-шара сәтті өтті. Бүгін біз қазақ ағаш үйінің салтанатты табысталуына келіп отырмыз.  Қазақ үйі Қазақстан мен қазақ халқы үшін ғана емес, бүкіл түркі әлемі үшін маңызы орасан зор. Бұл үй -  түркі халықтарының бірлігін, бауырластығын, ортақ мәдениетін, мызғымас достығын паш ететін ерекше туынды» деді.

Құрметті қонақтар артынан  қазақ ағаш үйінің дәстүрлі құрылымымен, оның сәулеттік ерекшеліктерімен және қазақ халқының көшпелі мәдениетінде алатын орнымен танысты. Мыңдаған жыл бойы түркі халықтарының баспанасы, әрі өмір салтының көрінісі болған киіз үй үлгісі Түріксой ғимаратының ауласында орнатылып, ұйымның мәдени кеңістігін байыта түсті.

Іздеу
Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті ТМҰ саммитінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға келеді
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Иракта алғаш рет Ирак Түрікмен майданының өкілі мемлекеттік министр болды
Қырғызстанда әзірленген алғашқы ұлттық жерсерік орбитаға ұшырылды
Түркия мен Әзербайжан 500 миллион доллар көлеміндегі келісімшарттарға қол қойды
Қазақстан мен Германия 30-дан астам коммерциялық келісімге қол қойды
Ташкентте «Түркі әлемі диалогтары: Ортақ болашақ, ортақ көзқарас» атты панель өтеді
Қазақстан президенті Тоқаев әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды
Каспий теңізіндегі әскери жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаздар саны 14-ке жетті
Түркия Қазақстанға көңіл айтты
Түркия, Әзербайжан және Өзбекстан бірлескен әскери оқу-жаттығу өткізуде
Қазақстанда өткен әскери оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметкер қаза тапты
Түркі әлемі композиторлар одағы құрылды
Қырғызстан президенті Жапаров Сеулде өткен Орталық Азия-Корея Республикасы саммитінде сөз сөйледі
Кавказ Ислам армиясының Бакуді азат етуінің 108 жылдығы
Түркі мемлекеттері арасында «TÜRKPOL» құрылады
Қытайдың Өзбекстан экономикасына әсері: Сауда көлемі өсуде, тапшылық артуда
6-шы Дүниежүзілік Көшпенді Ойындарының жеңімпазы -  Қазақстан